Танымал қазақ ақыны кітап шығарған Есентаеваның әрекетін «қылмысқа» теңеді

Сәрсенбі, 14 Маусым , 2017 11:01

Танымал продюсер Баян Есентаева өзінің алғашқы кітабын жарыққа шығаруға дайындалып жатыр. Ол тырнақалды туындысында бұрынғы күйеуімен отасқан 22 жылда басынан өткергенін жайып салмақшы. Алайда аяқ астынан қолына қалам алып, жазушыға айналған Мақсатқызына ақын-жазушылардың айтары бар.

есентаева 140617

«Еуразия» арнасына берген сұхбатында жазушы Аманхан Әлімұлы опасыздықты елге жария еткен Есентаеваны сынап тастады.

«Қалтасында қаржысы барлар кітап жаза бастады. Ал шын мәніндегі ақын-жазушылар екінші планға ысырылды. Мысалы, мен біреуден көрген опасыздығымды, жамандығымды, болмаса махаббатан жолым болмағандығын, сәтсіздікке ұрынғанымды көз жасымды көлдетіп жазып, соны жамандап, жаман етіп көрсетіп жазсам, ол ешқандай моральға сыймайды», – дейді «Ақиқат» журналының бас редакторы, жазушы Аманхан Әлімұлы.

Ал танымал ақын Мырзан Кенжебай кітап шығарған Мақсатқызының әрекетіне «барып тұрған қылмыс» деп баға берді.

«Баян Есентаеваның кітабынан менің ұлдарым, менің қыздарым қандай өнеге алады? Баян Есентаева адам баласына үлгі көрсететін адам ба? Моральдық жағынан оның құқы жоқ. Басынан өткенін жазып, оны көп данамен шығарып, оны жұртқа насихаттау деген барып тұрған қылмыс», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Тарғын 82 мың долларға алған үйін көрсетті (фото)

Мейрамбек Бесбаев Алматыдағы сән-салтанаты жарасқан мейрамханада аузыашар берді (видео)

Танымал актриса Шәкәрімнің поэзиясын насихаттау мақсатында ұятсыз фильмге түсті (видео)

Димаш тағы бір айтулы жүлдеге ие болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев
  • Anonymous says:

    Баян ханымда қоймадығой……

  • Anonymous says:

    Бог еи судья

  • Anonymous says:

    Окырманы табылады!

  • Anonymous says:

    Атын шықсын десен жер өрте деген қазқа. Операцияға ақша табалмай қиналып жүрген балалар қаншама елімізделіСоларға неге көмектеспейді осы біздің жұлдызсымақтар. Ешкімге пайдасы жоқ кітап шығарғанша.

  • Anonymous says:

    шетелге еликтегенде де тым шектен шыгып барады-ау. киммен кандай позада болганына дейин жазатын китаптар бар гой сол жакта. казак жазушылары дурыс айтады.жастардын психикасына кери асерин беруи мумкин. осы ертеректе баяннын куйеуимен калай танысканы жайлы окыган едим. сол кезде-ак есеп пен пайдакунемдиктин иси шыгып турган болатын. мына орыстарда “черный пиар” деген бар. бул да сонын бир тури гой.

  • Anonymous says:

    Ой халкым ау Баяннан шаршамадындар ма не iстеседе озi жауап бередi ujq

  • Anonymous says:

    Дурыс айтасыз онын омирин ким окып улги алад бейшара жеткен жери сол болганго

  • Anonymous says:

    Кітап шығару кім көрінгеннің ойыншығы боп кетті Біреудің өмірі бізге не ушін керек Қазақта Ұялмаған ұрыста жеңеді деген бар бұл сондай бір сандырақ кітап болайын деп тұр Күйеуін түрмеге тоғытып үнін шығармай ал өзі бəрін өз пайдасына ақтап жазады Шын мəнінде ол кімге керек

  • Anonymous says:

    Дурыс айткан

  • Anonymous says:

    Осы Баян елді шулата берді ғой

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар