Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақ актері ұлы сал боп туған соң, әйелімен ажырасып кетті (фото)

Отандық телехикаяларда бой көрсетіп жүрген актер Жан Ізбасар ұлының кемістігін білген соң, бір жылдан кейін әйелімен ажырасып кеткен. Ерекше ұлынан баз кешкен актер оның ем-домына көмек көрсетпек түгілі, алиментін уақытылы төлемепті. Бұл туралы актердің бұрынғы жұбайы Назгүл Қанатқызы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

23 жастағы келіншек бүгінде 2 жас 10 айлық Арлан есімді ұлын жалғыз бағып отыр. Назгүлдің айтуынша, Жан Ізбасар ұлының сал болып туғанын білген соң, бір жылдан кейін онымен ажырасуға бел буған.

“Баламыздың ерекше болып дүниеге келетінін білген жоқпыз. Диагноз босанғаннан кейін ғана анықталды. Бір ай емханада жатып шыққан соң, үйге оралдық. Сол шақта күйеуімнің бойынан өзгеріс байқадым. Бір жасқа толған соң, балама ДЦП диагнозы қойылып, мүгедектікті рәсімдедік. Араға екі ай салып, Жан кетіп қалды”, – дейді Назгүл Қанатқызы.

Жас ананың айтуынша, өзінен 8 жасқа үлкен күйеуі содан кейін баласын іздеп келмеген. Ерекше баланы қажет етпейтінін айтып, тіпті, заң бойынша тағайындалған алиментті төлемей қашып жүрген. Тек жауапты органдар талап ете бастаған соң, соңғы кездері қарызын өтей бастапты.

Ал бұл уақыт аралығында Назгүлдің ұлына қарайласуға анасы мен ағасы қолғабыс еткен. Алайда тұрақты жұмыс істейтін Назгүл мен ағасы ғана. 2 жылдан бері жан баласына жақ ашпаған ол бастан өткенін амалсыздан көпке жария етіп отыр.

Жас ананың мақсаты бұрынғы жарын қаралау емес, бар болғаны перзентін емдету. Ал ем-домға қажетті қаражаттың қыруар екені белгілі.

Назгүл ұлы Арланды Қытайда емдетіп, аяққа тұрғызғысы келеді. Алайда ол жақтағы мамандар ем-домға 31 мың доллар сұрап отырған көрінеді. Әлбетте жас ананың мұндай қаражаты жоқ.

Сондықтан да Назгүл мен оның отбасы Instagram-нан парақша ашып, халықтан көмек сұрауға кіріскен. Сондай-ақ, жас анаға көмек көрсетем деушілер болса, 8 778 589 0479 номері арқылы хабарласуға болады.

Бұл ретте екінші тараптың пікірін білу мақсатында актер Жан Ізбасарға хабарласқан едік. Алайда әзірге жауап ала алмадық.

Айта кетейік, Жан Ізбасар отандық “Келинка Сабинка”, “Побег из аула” және т.б. комедиялық фильмдерде ойнаған. Жан киногерлер арасында “Сапог” лақап атымен танымал.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік келіншек қос ұлы сал болып туған соң, отбасын тастап кеткен

700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ

Павлодарда мұғалім оқушының алтын бұйымдарын алдап алып қойған

Көкшетауда дүкеннен бір қорап кәмпит ұрлаған әйел 45 күнге қамалатын болды

Талқылау