Танымал дизайнермен дауласқан Түсіпбаева енді оның киімін алғанын айтып мақтанды (видео)

Сейсенбі, 8 Тамыз , 2017 15:19

Былтырғы жылдың соңында әнші Меруерт Түсіпбаева бірқатар отандық дизайнерлермен дауласқан еді. Әншінің бірнеше ай бойы Жадомен соттасқаны ел есінде. Одан бөлек, Түсіпбаева сәнгер Аида Кауменовамен де араз болып қалған-ды.

тусупбаева 080817

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізде болса, Аида Кауменова да, Жадо да әнші Түсіпбаеваны “талғамсыз әнші” деп атағаны үшін дауға ілікті. Сол тұста Меруерт Түсіпбаева Аида Кауменовадан құны 97 мың тұратын алқа сатып алғанын, оны екі рет таққаннан кейін үзіліп қалғанын айтып, елді шулатқан болатын.

Үзіліп қалған алқаның суретін жариялап, Кауменованың біліктілігіне күмән келтіретінін де жасырмады.

kaymenova-print

Аз уақыттан кейін әнші дизайнермен келісімге келгенін айтты. Ал бүгінде оның киімін киіп жүргенін айтып мақтанды.

«Мен бүгін Аида Кауменованың туған күнімен сыйлаған киімін киіп тұрмын. Аида ханым, алтын қолыңызға дерт бермесін. Мені сыйласаңыз, Алла сізді сыйласын. Алла жар болсын сізге, көп рахмет. Міне, осы жакетті әр заманда менің үстімнен көресіздер», – деді Түсіпбаева жанкүйерлеріне жолдаған видеосында.

Жіберіп алмаңыз:

Америкалық актер сириялық балаларға 2 млн доллар садақа бермек

Жұрт пластикалық ота арқылы арықтаған Бабаеваның қызын жасөспірімге ұқсатты (фото)

“Жігіттер” тобындағы Айдар Құдайдан бала тілеп, 4 рет қажылыққа барған

Тәуекел Мүсілім 7 елде көрсетілетін мега-жобаның жүргізушісі атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар