Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім 7 елде көрсетілетін мега-жобаның жүргізушісі атанды

Жуырда Тәуекел Мүсілім жанкүйерлерімен кездесіп, елді шулатқан «В поисках мамы» фильмін көрермендермен бірге тамашалап қайтты. Актердің айтуынша, осы фильмге дейін көпшілік оны актер ретінде мойындамайтын. Ал бүгінде актерлік ойыныма сын-пікірлер азайды деп қуанды Тәуекел.

тауекел 080817

Бұл туралы «Гәкку» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Бұрын көпшілік мені актер ретінде аса қабыдамайтын. Ол оқымаған, актер емес деген көп сын-пікірлер айтылатын. «В поисках мамы» мен басты рөлді сомдаған алғашқы толықметражды кино. Осы кинодан кейін сын-пікірлер азайды», – деді Тәуекел ағынан жарылып.

Актер 7 елде көрсетілетін телевизиялық жобаны жүргізетінін айтты.

«Қазір бір телевизиялық жоба басталмақшы. Жеті елде көрсетілетін өте ауқымды жоба. Алла жазса, соған тележүргізуші ретінде мені шақырып жатыр», – дейді Тәуекел.

Тәуекелдің жаңалықтары мұнымен бітпек емес. Ол актерлігін шыңдау үшін мұхит асып, Америкаға бармақшы.

«Күз айында Америка еліне барып қайтамын ба деген ойым бар. Ол жерге жайдан жай бармаймын. Осы актерлік курстан сабақ алсам ба деген ойым бар. Бір ай уақытқа барамын. Бәрі ұнап жатса, мүмкін ұзақ уақытқа қалармын», – деп түйіндеді сөзін актер.

Жіберіп алмаңыз:

Әйгілі “Жігіттер” тобы тарап кетуі мүмкін

Тыңдармандары қазақы стилде ән салатын Қуандықтың өзгеріп кеткенін айтып дабыл қақты (видео)

Алматы әкімдігі Сәкен Майғазиевке өнер мектебін ашып берді (фото)

Испанияда жүрген Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарын танымал футбол клубына бермекші (фото)

Талқылау