Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

A’Studio лидері Байғали Серкебаев 29 жастағы модельмен кездесіп жүр

A’Studio тобының әншісі Байғали Серкебаев салтанатты іс-шараларда біраз уақыттан бері жас арумен бірге жиі көрініп жүр. Онымен бірге жақында Сочиде өткен Григорий Лепстің фестиваліне де келді. Серкебаевтың жаңа ғашығының жасы 29 да, ал есімі Ольга Жарова екен. Модель ретінде танылған Ольганың Байғали Серкебаевпен қарым-қатынасы тек достықтың аясында шектелмейтін сыңайлы. maxresdefault

«Ол отбасын бұзғысы келмейді. Әйелі Раушанмен ол 20 жылдан бері бірге тұрып келе жатыр. Әрі Камила және Сана атты әдемі бойжеткен қыздары да бар. Ал Бага Олямен біраздан бері кездесіп келе жатыр. Тиісінше мұны Раушан да біледі әрі даңқты шығармашылық адамын қолдайды деп ойлаймын. Басында Бага мен Оляның қарым-қатынасы тек достық шеңберінде болған, келе-келе басқаша сипат ала бастады. Керемет кездесулер ұйымдастырып, қымбат сыйлықтар жасап, уақыттарын бірге өткізе бастады», – дейді танымал музыкант Дмитрий Давосов.

1051816

Бұл күндері Серкебаев пен Жарова Майамиде демалып жатқан көрінеді. Бірақ, фотоларын әлеуметтік желілерге жариялаған емес. Тек Оля суға шомылатын киімнің суретін Инстаграмда жариялап, «Екі адамға біреуі жетед» деп жазған.

Талқылау