Танымал актриса жұрт алдына қоқысқа арналған пакеттерден тігілген көйлек киіп шықты

Ұлыбританиялық актриса Дейзи Мэй Купер BAFTA сыйлығын табыстау рәсіміне қоқысқа арналған пакеттерден тігілген көйлек киіп келді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Рәсім 12 мамырда өтті. 33 жастағы актриса иығы ашық қара көйлек киіп келді. Ол толықтай полиэтиленді пакеттерден тігілген. Ал көйлектің артқы ұзын бөлігі қоқыс шелегіндегі қалдық заттармен көмкерілген. Оған тағамдық заттардан бастап, тұрмыстық химия және басқа да қалдықтар тігілген. Сонымен қатар Купер басында қоқыс шелегінің қақпағына ұқсайтын қалпақ киіп, қоқыс жәшігіне ұқсайтын кішігірім сөмке ұстаған. 

«Адамдардың менен: «Сіз не киіп келдіңіз? Gucci ме?» - деп сұрағанын қаладым. Ал мен: «Жоқ, қоқысқа арналған пакеттер», - деп жауап беремін», - дейді актриса. 

Сондай-ақ, Купер көйлектің авторы анасы мен оның екі құрбысы екенін айтты. Актриса ақшасына қымбат киімге жұмсаудың орнына, оны қайырымдылыққа беруді жөн көрген. 

BAFTA сыйлығы – Ұлыбританиялық кино және телевизия өнері академиясы табыстайтын сыйлық. 1947 жылы Дэвид Линнің басшылығымен құрылған. Сыйлықтың символы – алтын бетперде.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр