Тамыз айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер

Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 15:05

Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz тамыз айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік туындылар тізімін ұсынады.

0

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзын-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Соңғысын таңдаған көрерменге ағымдағы айдың ең үздік туындыларымен таныс болыңыздар.

“Механик: Қайта тірілу”

Жанры: Боевик
Режиссері: Деннис Ганзель
Рөлдерде: Джейсон Стэтхем, Джессика Альба, Мишель Йео, Томми Ли Джонс
Мемлекеті: Франция

Бұрын да істі болған Артур Бишопа қылмыс әлеміне қайта оралуды ұйғарады. Бұған сүйіктісін біреулердің ұрлап кетуі себеп болады. Белгісіз біреулер Артурға үш адамды өлтіруге тапсырыс беріп, осы шартты орындаған кезде ғана сүйіктісін өзіне қайтаратындарын айтады. Қазақстандық кинотетарларда 25 тамыздан бастап көрсетіледі.

filmz

“Пит пен оның айдаһары”

Жанры: Қызықты оқиға
Режиссері: Дэвид Бентли
Рөлдерде: Брайс Даллас Ховард, Карл Урбан, Роберт Редфорд, Уэс Бентли, Уна Лоуренс, Крэйг Холл
Мемлекет: АҚШ

Пит есімді жетім бала өзін асырап алған ата-анасынан қашып кетеді. Қатты қиналып жүргенінде өзінің ғана көзіне көрінетін айдаһар көмекке келеді. Жұрт бастапқыда балада психологиялық ауытқу бар деп ойлайды. Алайда уақыт өте келе оның сөзінің жаны барына өздері көз жеткізеді. Қазақстандық кинотетарларда 11 тамыздан бастап көрсетіледі.

13557341_1197917856906460_2075635529_n

“Семіз шұжық”

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Грег Тирнан, Конрад Вернон
Рөлдерде: Пол Радд, Джеймс Франко, Кристен Уиг, Сет Роген, Сальма Хайек, Эдвард Нортон, Джонна Хилл, Майкл Сера
Мемлекет: АҚШ

Оқиға супермаркеттің ішінде өрбиді. Шұжықтар Тәуелсіздік мерекесіне дейін сыртқа шығып үлгерулері керек болады. Қазақстандық кинотетарларда 11 тамыздан бастап көрсетіледі.

новый коллаж

“Кек қайтарушылар тарихы”

Жанры: Боэвик
Режиссері: Кристиан Сесма
Рөлдерде: Майкл Джей Уайт, Майкл Мэдсен, Майк Хаттон
Мемлекет: АҚШ

Джейсон Мьюз жұрттың үрейін алған жағымсыз кейіпкерді сомдайды. Ол жағымсыз кейіпкерлер туралы видео түсіретін болады. Кек қайтарушылар дұшпандарын түгелдей жеңген соң армян мафиясы мен мексикалық нашақорлар, халықаралық агенттер арасында ұрыс басталады. Әрқайсысы өзіндік барлау операциясын жүргізеді. Қазақстандық кинотетарларда 11 тамыздан бастап көрсетіледі.

medium_e0c3344bf81c43475190a5e26e8ef61d

“Мылтық асынған жігіттер”

Жанры: Драма
Режиссері: Тодд Филлипс
Рөлдерде: Ана де Армас, Джонна Хилл, Майлз Теллер, Брэдли Купер, Валенитина Люсия Фальтони
Мемлекеті: АҚШ

Аталған фильмге өмірде болған шынайы оқиға арқау болған. Басты кейіпкерлер қарақшылармен құны 300 миллион доллар болатын келісім-шарт жасасады. Аталған келісім-шарт бойынша Пентагонға қару-жарақ әкелулері тиіс. Қазақстандық кинотетарларда 18 тамыздан бастап көрсетіледі.

Taynaya-zhizn-domashnih-zhivotnyh

“Үй жануарларының құпиясы”

Жанры: Анимациялық фильм
Режиссері: Крис Рено, Ярроу Чейни
Рөлдерде: Эрик Стоунстрит, Кевин Харт, Элли Кемпер, Лэйк Белл, Альберт Брукс
Мемлекеті: АҚШ

Мультфильм Макс атты терьер туралы. Ол иесінің жаңа үй жануары Дюкті қызғанатын болады. Алайда Снежок атты қоянның өздеріне қарсы ұрыс ашқалы жатқанын білген кезде екеуі татуласып, бар күшін дұшпандарына қарсы жұмсайды. Қазақстандық кинотетарларда 18 тамыздан бастап көрсетіледі.

maxresdefault

“Демалма”

Жанры: Ужас
Режиссері: Федерико Альварес
Рөлдерде: Дэниэл Дзоватто, Джейн Леви, Стивен Лэнг, Дилан Миннетт, Катя Бокор, Сергей Онопко
Мемлекеті: АҚШ

Қылмыскерлер жұрттың сөзіне сеніп, соқыр шалдың үйіне ұрлыққа түседі. Көршілері әлгі шалдың үйінде көп ақша бар екенін айтады.  Олар мүгедектің үйінен ақшаны оп-оңай алып шығамыз қатты қателеседі. Себебі, шалдың жұрттан жасырған қорқынышты құпиясы бар. Қазақстандық кинотетарларда 25 тамыздан бастап көрсетіледі.

новый коллаж

“Түнгі қарауыл”

Жанры: Фэнтези
Режиссер: Эмилис Веливис
Рөлдерде: Иван Янковский, Любовь Аксенова, Леонид Ярмольник, Михаил Евланов, Сәбина Ахмедова
Мемлекеті: Ресей

Жалмауыз кемпір, құбылғыш бейне, қансорғыш сынды кейіпкерлер шынайы өмірде бар. Оларды өміріңізде бірде-бір рет кездестірмеген болсаңыз, түнгі күзетшілеріңізге рахмет айтыңыз. Әдетте қағаз тасушы отандық мейманханалардың бірінде оқыс жағдайдың куәсі болып, артынша сол жерге жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болады. Қазақстандық кинотетарларда 25 тамыздан бастап көрсетіледі.

nz1_ru_146955422320

“Спарта”

Жанры: Спорттық драма
Режиссері: Николай Кудряшов
Рөлдерде:  Николай Кудряшев, Денис Никифоров, Ян Цапник, Владимир Епифанцев
Мемлекеті: Ресей

Елде ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионаты өтіп жатады. Аталған чемпионатта Николай Кудрящевтің бұрынғы қарсыласы Андрей Филатовпен күш сынасады. Алғашқысы жеңіске жеткенімен, кейінгісі бұл пікірді қоштамай қояды. Бұдан кейін Филатовтың жақтастары жеңіске жеткен спортшыға қарсы сөздер айтады. Оның сүйіктісіне де тиіседі.

Николай сабырсыз мінезінің салдарынан оларға қол жұмсап, аямай соққының астына алады. Бұл жағдай оның өмірін түбегейлі өзгертіп жібереді. Николайды сотталып, сүйікті қызының алдында атағы мен абыройын жоғалтады. Түрмеден шыққан соң достары теріс айналады. Ал сүйікті қызы оның қарсыласы Филатовпен кездесіп жүреді. Ақырында басты кейіпкер өзін-өзі қолға алып, кек қайтарады. Қазақстандық кинотетарларда 25 тамыздан бастап көрсетіледі.

1464775554_1

“Жасырын алаяқтық”

Жанры: Триллер
Режиссері: Брэд Фурман
Рөлдерде: Брайан Крэнстон Легуизамо, Дайан Крюгер, Эми Райан, Джозеф Гилган
Мемлекеті: Ұлыбритания

Федералды агент Боб Мейзур анаша тасымалдаушы Пабло Эскобараның қылмысын ашпақ болады. Осылайша алдымен олардың сеніміне кіреді. Кейін қылмыскерлерге адамзат тарихындағы болмаған операцияны жасауға көмектеседі. Қазақстандық кинотетарларда 11 тамыздан бастап көрсетіледі. Қазақстандық кинотетарларда 11 тамыздан бастап көрсетіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас өмірі туралы фильм түсіріп, көптен жасырған құпиясын ашпақ

Астанада “Барлығы жігіттер үшін” фильмінің түсірілім жұмыстары басталды (фото, видео)

“Келін” фильміне түскен қыз: Бәріне кінәлі – өнерге ғашықтығым

“Желіде” фильмінде Мәдиев пен Әзімбаеваның қатысуымен төсек қатынасы көрсетілмек

“Гламур для дур” фильмін түсіру кезінде Ақбарова режиссермен ұрысып қалды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Асылжан
4 ай 6 күні кері

Отряд самоубийц қайда?

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар