Тамара Асар: Жұртқа бөліп бере алмаған соң байлығымды көрсетпеймін

Дүйсенбі, 23 Мамыр , 2016 14:52

Өзіндік тыңдармандары бар әнші Тамара Асар тапқан табысын айтып жар салғысы келмейтінін, тіпті үйіне журналистерді кіргізбейтінін айтты.

image

Фото: instagram.com/tamara_assar_official/?hl=ru

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Қазақ шоу бизнесінің әншілері әріптестерінің ішінен ең бай жұлдызды таңдаған болатын. Олардың айтуынша, бұл тізімде Қайрат Нұртас пен Төреғали Төрелі көш бастап тұрған көрінеді. Десе де бұл жұлдыздардың өзі жылдық табысын жасырып отыр. Осы секілді тапқан табысын жариялай бермейтін әншілер бар. Олар тіпті соңынан өсек сөз ермесін деп журналистерді үйіне кіргізбейтін көрінеді. Солардың бірі – Тамара Асар. Тапқан табысын жария етуге  қатысты әншінің өзіндік принциптері бар болып шықты.

“Мен не киіп, не ішетінімді, қайда тұратынымды, не мінетінімді ешқашан айтқан емеспін. Үйге журналист кіргізіп көргенім жоқ. Бермесіңді қызартпа деген қазақта аталы сөз бар. Сен бөліп бере алмайсың ба, халыққа көрсетпе! Мен сондаймын”, – деп Тамара Асар өзіне жарнама жасағысы келмейтінін айтып өтті.

Бәз біреулерге байлығын көрсетіп, алып-қашпа сөзге қалудан қорқатындардың қатарында Майра Ілиясова да бар екен. Әнші бір кездері журналистерге үйін көрсетемін деп сөзге қалған көрінеді.

“Ойпырмай, осы бар ғой өзім туралы естігенмін. Менің әлгі екі қабатты үйімді көрсеткен кезде, ең бай әйел деп айтыпты. Көпшіліктің екі қабатты үйлері бар ғой. Мұнымен қатар, қымбат-қымбат көліктері де бар”, – деп Ілиясова бұдан былай еш жерде табысы туралы айтпайтынын жеткізді.

Ал қос ғашық Мирас пен Құралай керісінше салынған үйлері туралы жаңалықты жасырмайды. Олар мұны қуанышымен бөлісу деп білсе керек. Жуырда жаңа үлкенірек пәтерге көшкендерін айтып қунышты сәтті отбасымен асыға күтіп жүргендерін жасырмады..


Оқи отырыңыз:

Қазақстандық әншілер араларынан ең бай әріптестерін өздері таңдады

Салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімдері анықталды

Жұлдыздар салық төлемеді деген айыпқа пікірін білдірді

Әріптестері Қарақаттың Қыдырәліге тоқал алып беруіне қатысты пікір білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Беруге жоқпын ал алудан қагшпаймын де Тамара қарындасым Бәсе 2014 жылы Отпан тауда Тобыштар ас бергенде Тобыштың қызы бола тұра екі ауыз әніңе ақы алып едің

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар