Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар 7 жасында ән айтып бас жүлде алған сәтінің суретін көрсетіп елді таңғалдырды (видео)

Әнші Тамара Асар 7 жасында сахнада ән айтқан сәтінің суретін көрсетіп, көпшілікті қайран қалдырды.

“Мына жерде мен 7 жастамын, басымдағы үкітелпегімнің түпнұсқасы анамдікі, ол 1954 жылы көркемөнерпаздар жарысына киіп шығыпты, кейін оны маған әкем өз қолымен мақпал матадан сыртын әдемілеп қаптап, әдемі моншақтармен анам екеуі отырып әшекейлеп берді.

Ал үстімдегі кеудешенің оюын әкем ойып,анам қалған жұмысын жасап берген. Тойлардан келген “көйлек жаулықтардың” арасынан өзім таңдап алған сары жібектен, “үкіметский тігісі” бар көйлек кием деп жылағасын ауылдың “әртеліндегі” (ателье ғой негізі) Сұлуxан апайға тіктірдік. Аяғымда көрші кемпірдің ескі мәсінен маған арнайы кішірейтіліп тігілген мәсі бар. Оны да әкем өзі тігіп берді. Общым Фестивальға осылай дайындалып, “Айгөлекті” шырқап тұрмын… Ата-Ананың баптаған сәйгүлігі осы… Бас жүлдені қанжығаға байлады…”, – деп жазады әнші желідегі парақшасында.

“Тамара ханым, бала кезіңізден дарыныңызды танып, өнеріңізді бағалап, сəйгүліктей баптап, байқауларга қатыстырган, өз қолымен фирменный костюм тігіп берген ата анаңызға мыңда бір шүкірлік. сіздің дауысыңыз ерекше, жағымды, сыңғыр үніңізге тəнтімін. Əніңізбен халқыңызды қуанта беріңіз”, “Бала болса да, ахнада қысылмай рахаттанып тұр”, “Оййй, жарайсыз. Біздің қыздар осылай бар жағдайды еш бүкпесіз жеткізеді. Менің суйікті Тамарам”, – деп жазады желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыз:

Димаштың туған күніне орай қытайлық жанкүйерлері тағы да тосынсый жасады (видео)

Рианна мен Шакираға ән жазған композитордың Димашқа тарту еткен әнінің клипі шықты (видео)

“Мені көпшілік танымай, кеудемнен итеріп жатады” деген Зарина Омарова эфир кезінде жылап қалды

Талқылау