“Мені көпшілік танымай, кеудемнен итеріп жатады” деген Зарина Омарова эфир кезінде жылап қалды

Бағдарлама қонағы болған Зарина Омарова шығармашылығы жайлы  айтып берді.

Әнші “Түнгі студия” бағдарламасының қонағы болды.

Зарина Омарованың айтуынша, ол белгілі себептермен сахнаға 10 жылдай уақыт шықпаған. Бүгінде екі баланың анасы, аяулы жар.

“Он жыл сахнадан көрінбей кетуімнің себебі, ең маңызды қызметімді атқардым. Тұрмысқа шығып, әйелдік міндетімді орындадым. Екі баланы өмірге әкелдім. Соған байланыты шығармашылықтан қол үсзуге тура келді. Кейіннен жолдасым өзі қолдау білдіріп, менің сахнаға оралуымы қалады”, – деді әнші.

Зарина Омарова бүгінде әншіліктен бөлек актрисалық өнерін шыңдап жүргенін айтты.

Жүргізуші әншінің актерлік шеберлігін сынап көрді.

“Мені көпшілік кейде танымай жатады. Тіпті кеудемнен итеріп, көңілімді түсіреді. Осындайдан шаршап кеттім. Неге мені көп адам танымайды. Мен керек десең Димаштан да жақсы ән айтам. Сенбесеңіздер оны жекпе-жекке шақыруға дайынмын”,  – дейді әнші образға кіре отырып.

Көрермен әншінің актерлік қабілетіне  тәнті болды. Әнші образға кіргені соншалық, оның эфирде шын жылағаны байқалады.

Тағы да оқыңыз:

Алтынбек Қоразбаев: Елбасының өзі министрлікке шақырды, мен бас тарттым

Данэлия Тулешова қазақша жаңа ән шырқады

Ақбота-Нұр: Біреудің тоқалы болғаным да жетеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар