Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Бигелдинов: Қазақтан шыққан ұшқыш-батырдың өмірбаяны

Талғат Бигелдинов қазақ ұландарына Отан қорғаудың өшпейтін өнегелі ізін қалдырған батыр. Ол көк жүзінде қаһарман ерліктердің ерекше үлгісін көрсеткен аты аңызға айналған айтулы тұлға. Бүгінде Stan.kz  есімі ел есінде мәңгі қалған Кеңес одағының екі мәрте батыры атағын алған алғашқы қазақ, белгілі ұшқыш Талғат Бигелдиновтың өмірі туралы сыр жертіп, Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыштың өмірбаянын ұсынады.

Талғат Бигелдинов: Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыштың өмірбаяны

Авиация генерал майоры, Кеңес одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысына қарасты Қорғалжың ауданындағы Майбалық деген шағын ауылында дүниеге келген. Бірақ, кейіннен оның отбасы қазір Қырғызстанның астанасы болып, Бішкек деп аталған Фрунзеге көшіп кетеді. Талғаттың отбасы нашар тұрды, әкесі мен анасы жер жетіспегеннен туған ауылын тастап, шағын табыспен күн көру үшін көшіп кетеді. Ал бала Талғат ата-анасымен бірге 6 жасқа дейін өмір сүрді, содан кейін ежелгі дәстүрге құрмет ретінде біраз уақыт баласы жоқ ағайының отбасында тәрбиеленді.

Ұшқыштың әкесі Жақыпбек 30-жылдары қиыншылық кезеңде ұжымшардан жалға жер алып, таудың етегінде пияз, жүгері егетін. Үйдің үлкендері жаз бойы түгелдей егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып, үйді қарап, бие мен сиырды бағып, сауатын да Талғат еді. Осылайша, ол еңбекке де ерте араласты. Ол кезде Талғат Бигелдиновтың ауылында қазақ-қырғыз мектебі жоқ болған. Сонда атасы орыс тілін білмеген Талғатты 4 сыныпты татар мектебіне береді. Сөйтіп бала Талғат үйге келгенде қазақша сөйлеп, көшеге шыққанда қазақша түсінбейтін орыс баллармен ойнап, мектепке барғанда татарша оқып, сауатын ашады. Содан да болар оның сөйлеу тілінде орысша да, татарша да, қазақша да бар.

Талғат жан-тәнімен аспанға берілген адам. Ол бала күнінен ұшқыш болуды армандады. Орыс тілін білмесе де, 13 жасында барлық қиындықтарға қарамастан, арманына қол жеткізу үшін өз еркімен орыс тілді мектепке ауысады. Өжет жігіт 16 жасында «Екі капитан» романының кітабындағы кейіпкерлерге қызығып, ұшақты, жауынгерлік ұшуларды және аспанды армандай бастайды.

Сөйтіп, ұшқыш болуды армандаған жігіт Бішкектегі аэроклубка оқуға түседі. Бірақ, ондағылар Талғатты бірден қабылдағылары келмеді, өйткені, оның бойы өз жасы үшін өте кішкентай болды және ұшақ кабинасынан сәл ғана көрінген еді. Алайда, ол алға қойған мақсатынан қайтпай, өз арманына жетіп, ақыры оқуға қабылданады. Сол уақытта жас жігіттің қиын күндері басталды, оған мектеп пен аэроклубтағы оқуын бір уақытта алып жүргуге тура келді, сонымен бірге, ол отбасына да көмектесуі керек болды. Олар өте нашар жағдайда тұрды, киетін киімдері жұпыны болып, тамаққа да ақша жетпегендіктен, Талғат жұмысқа орналасуға мәжбүр болды.

Жас жігіт аспан әлеміне әуестеніп жүргенін әкесінен ұзақ уақыт бойы жасырып жүрді, себебі ол ұлының дәрігер болғанын қалады. Алайда, көп ұзамай Талғат ата-анасы мен нұсқаушыларына тек ұшқыш қана емес, сондай-ақ батыл әрі, алға қойған мақсатынан қайтпайтын адам екенін дәлелдей алды. Бірақ, ауыл баласына аэроклубта оқып, диплом алу жолы оңай болған жоқ. Ондағылар ауылдан келген қазақ жігітін ұзақ уақыт дұрыс қабылдамай, қорлап, төмендетті. Дегенмен, Бигелдинов соққыға төтеп беріп, барлық емтихандарды өте жақсы тапсырып, тіпті қоғамдық нұсқаушы болуды үйреніп шықты.

Оқу бітіргеннен кейін Талғат аспан мен ұшақсыз өмір сүре алмайтынын түсінеді, және көп ұзамай ол ұшқыштың білімін жалғастыруға мүмкіндік алды. Сол кезде Саратовтағы ұшу мектебінде курсанттар таңдау үшін аэроклубқа комиссия келіп, Бигелдиновты бірден таңдайды. Сөйтіп, ол 1940 жылы ұзақ уақыт бойы отанын көрмейтінінен хабары болмастан, Саратовқа кетеді.

Мұнда да Талғат Бигелдинов бойы мен ұлтына деген менсінбеушілік қарым-қатынасқа кез болады. Бірақ, мұнда ол өмірдегі алғашқы өмір мектебін және әртүрлі құрылғыларда ұшудың керемет тәжірибесін алады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жас курсанттар майданға аттанғылары келді, бірақ командирлер ұшқыштардың әлі де кәсіби дайындықтан өтуі керек екенін алға тартып, қанаты қатпаған бозбалаларды майданға, ажал аузуына жіберуді қаламады.

Бірнеше ай өткен соң, Бигелдинов өз қалауымен Орынбор маңындағы бомбалаушы авиация мектебіне ауысады, онда жігіт ауыр көліктерді жылдам игеріп, көп ұзамай ефрейтор дәрежесін алды.

Бірақ, мұнда да жас ұшқышты бірден майданға жібермеді, ол басқа курсанттармен бірге училищеге шаруашылық жағынан көмектесті. Олар картоп егіп, сиыр мен шошқа бағып, барлық тағамды майдандағы жауынгерлерге жіберді. Көп ұзамай, Талғат өзінің болашақ темір тұлпары ИЛ-2-мен танысқан жері, жауынгерлік жойғыш мектепке ауыстырылды. Сол кездің өзінде ол ұшақ туралы аңыздар айтылып жүрген еді, және барлық ұшқыштар аспанға тек сонымен қана қалықтағылары келді.

Ақырында, училищеге майдангерлердің бір бөлігін майданға жіберу туралы бұйрық келіп, қатарында Талғат Бигелдинов болған жас ұшқыштар нағыз соғыс ошағына аттанады. Олар Тверьге келіп, соғыстың не екенін білді. Жас жауынгерлер мұнда бірнеше сағат бұрын сөйлескен адамының базаға қайта оралмауы мүмкін екенін түсінді. Шайқастар ауыр болды, тіпті аспанда ұшу тәжірибесі бар ұшқыштар да аман оралмады. Ал олар мұнда ұшу сағаты өте аз, он тоғыз жастағы бозбала болып келген еді. Бірақ, жау шабуылынан ешкім қорықпады, Талғат пен оның жолдастары ештеңеге қарамастан қалың майданға ұмтылып тұрды. Осылайша, Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыш әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюша» ұшағымен 1942 жылы майданға аттанады.

Бірақ, жас сарбаздар бұл жерде де бірнеше апта бойы командалық ұшу жаттығуларын жасап, жауды көзге елестетіп бомбалауға мәжбүр болды. Ақырында, олар нағыз соғысқа қатысып, алғашында басқа ұшақтармен топтасып шабуылдауды үйреніп, содан кейін жеке-жеке жау құралын жоя бастады. Сол күннен бастап Бигелдинов әскерилер арасында ұшқыш танк деп аталып кеткен «Илюша» ұшағымен бас бүтін бауырбас көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Талғат мінген ұшақты жау жағы «Қара ажал» деп атаған екен. Талғат Жақыпбекұлы пойыз, эшелон, танктерді, зенит зеңбірегін және гитлерліктердің басқа да маңызды стратегиялық базаларын жойды.

Осындай миссиялардың бірінде Бигелдинов бомбалау кезінде неміс мессершмитіне шабуыл жасап, оны атып жібереді. Сонда кеңестік баспасөзде жас сержанттың ерлігі туралы мақала жарияланады. Өйткені, Бигелдинов атып түсірген неміс маңызды тұлға болған, ол жүзге жуық ұшақты жойған офицер. Және неміс офицері өзін жас сержанттың атып түсіргеніне ұзақ уақыт сене алмады. Бұл ұшу кезінде көрсеткен ерлігі үшін Талғат Бигелдинев II-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденін алады.

Өзінің әскери өмірінде жауынгерлік барлау, бомбалау бағанының басшылығы, немістің шабуылдаушы ұшақтарына шабуыл жасау секілді жүздеген оқиғалар болады.
1943 жылдың басында Талгат Бигелдинов он тоғыз мессершмиттке қарсы тұрып, тең емес күрес жүргізді. Сол кезде ол жау жеріне тоқтауға мәжбүр болып, жанындағы мергенімен бірге екі аптада кеңес әскеріне аман-есен жетеді.

Талғат Жақыпбекұлы өзінің алғашқы «Алтын жұлдыз» медалі мен Кеңес Одағының Батыры атағын 1944 жылы алды. Оның басшылығындағы ұшақтар Кировоград пен Знаменка қалаларын батылдықпен қорғады. Бигелдиновтың өзі сол кезде жаудың төрт шабуылдаушысын атып түсірді. Бір жыл өткен соң Бигелдинов сол атаққа екінші рет ие болды. Шебер ойластырылған стратегиясының арқасында, оның эскадроны жау техникасы мен жаяу жүргіншілердің үлкен санын жоя алды.

Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов соғыста екі жыл ғана күрес жүргізсе де, бірақ осы уақыт ішінде 305 әскери шабуылға шығып, көптеген ұшақтарды құлатып, жүздеген командалық тапсырмаларды орындады. Ол Берлин үшін жүргізілген шайқастарға қатысып, мыңдаған жауынгерлермен бірге Қызыл алаңда жүріп өтіп, елге нағыз батыр ретінде оралды.

23 жасында Кеңес одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралды. Соғыстан кейінгі қиын кезеңде ол оқуын жалғастырып, Мәскеудегі Қызыл Ту әуе күштері Академиясына түсті. Талғат Бигелдинов майданда жүрген кезінде-ақ коммунистік партияға қосылып, партияның съездері мен іс-шараларына белсенді қатысты.

1945 жылы Бигелдиновтың кіші Отаны болған Макинск облысының тұрғындары, оны депутат етіп сайлады. Және Бигелдинов туған жеріне қуана-қуана келіп, өзінің сайлаушыларымен кездесті. Кезінде әкесі жер жетпегеннен туған өлкесін тастап кетуге мәжбүр болған облыстың тұрғындары енді Талғат Бигелдиновты қадірлеп, үлкен қуанышпен қарсы алды.

Сондай-ақ, ұшқышқа саяси қызметін Кеңес одағы әуе күштерінің командалық қызметімен біріктіруіне тура келді. Талғат Бигелдинов денсаулығына байланысты ұшудан босатылғанына қарамастан, көптеген жылдар бойы азаматтық авиацияда жұмыс істеді. Запасқа ауыстырылғаннан кейін, ол Қазақстанда жұмыс істей бастады, еліміздің ірі қалаларында ұшу-қону жолағын құрумен айналысып, бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосты.

Талғат Бигелдинов екі мәрте Кеңес одағының батыры атағын алған тұңғыш қазақ. Екі мәрте Кеңес одағы батыры атағын алған Бигелдинов болмысынан бос жатпайтын, алға қарай ұмтылып тұратын адам болды. Ол сол мінезінің арқасында қосымша Мәскеу инженерлік-құрылыс техникумын да аяқтап үлгерді және бірнеше жыл Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс басқармасында әртүрлі департаменттерді басқарды.

Талғат Бигелдинов ұзақ та, жарқын өмір сүрді. Ол ешқашан қиындықтарға мойымай, әрдайым соңына дейін баратын. Оның жолы жас ұрпаққа үлгі болуға лайық, ұшқыштың өзі де бірнеше рет жастармен кездесіп, әскери ерліктері мен сол кездегі кеңестік халықтың рухы туралы әңгімелеп берген еді. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосты.

Ол 1966 жылы жарық көрген «ИЛ шабуылдайды» деп аталатын кітабында ұшқыш мамандығына келудегі күрделі жолын, соғыстағы күнделікті өмірін және соғыстан кейінгі кезеңдері туралы баяндайды. Батырдың бұл кітабы тек Қазақстанда ғана емес, КСРО-да да танымал болды. Талғат Бигелдиновтің ерлігі көптеген теледидарлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің және көркем фильмдердің негізі болды. Солардың ішінде даңқты ұшқыштың өмірі жайлы «Көкке самғау» атты деректі фильмі түсірілді.

Бүгінде ұшқыш боламын деген әрбір жас Талғат Бигелдиновтың ерлігін еске алады. Еліктей батырдың ізімен жүруді мақтаныш тұтады. Соңғы жылдарда Талғат Биегелдинов қатты сырқаттанып жүрді. 2014 жылдың 10 қарашасында белгілі ұшқыш осы дүниеден озды. Көк аспанда қалықап ұшқанды жаны сүйген аспан адамы енді қайтадан аспанда…

Талғат атамыздың достары мен әріптестерінің естеліктеріне сүйенсек, ол өмірде ақ жарқын, қарапайым, өзінен көмек сұрап келгендеге әрдайым қол ұшын созып, көмектесетін кеңпейілді адам болған. Талғат Бигелдинов қоғамдық танылу мен халықтың махаббатын тірі кезінде сезініп кеткен жан. Оның ерлігінің құрметіне және 9 мамырдағы жалпы жеңістің құрметіне 2000 жылы Көкшетау қаласында Ұлы Отан соғысының даңқты батырының қола мүсіні қойылды.

Сонымен қатар, бүгінде Ақтөбелік жоғары азаматтық ұшқыш авиациясына, сондай-ақ батырдың өзі қайырымдылық іс-шаралары аясында жиі көмек көрсеткен Қарағандыдағы Республикалық әскери мектеп-интернатқа Талғат Бигелдиновтың есімі берілді. Сондай-ақ, авиация генерал-майорының өмірінің соңғы жылдары өткен Алматыдағы Қонаев көшесіндегі үйіне батырға арнап ескерткіш тақта қойылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау