Талғарда жаңбыр салдарынан тұрғын үйлерді су басты
Алматы облысының Талғар қаласында жауған жаңбыр салдарынан тұрғын үйлерді су басты. Жолдар көрінбей, адамдарды әуреге салды.
Бұл туралы ҚР ТЖ ІІД-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлайды.
Қалада бірнеше көшені су алып, тұрғындарға эвакуация жасау туралы ескертілді. Талғар аудандық әкімдігінде тұрғындарды №2, 3, 6, 7 және 49 жалпыға білім беретін қалалық мектептерге көшіруге дайындалып жатқандарын айтты. Адамдардың жатын орны, тамағы өзге де қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.
Жіберіп алмаңыз:
Талқылау