Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда пранкерлер бала ұрламақ болып сынақ жүргізді (видео)

Талдықорғанда қазақстандық пранкерлер бала ұрлап кетпек болып, арнайы бейне сынақ жүргізді.

югб

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнероликті түсіру барысында авторлар, ата-аналардың бала алдындағы жауапкершілігін арттыруды және қоғам назарын осы бір келеңсіз құбылысқа аударуды негізге алған.

“Бұл видеоны міндетті түрде бөлісіңіздер. Балалары бар адамдардың барлығына көрсетіңіздер! Ата-аналар үшін бұл бағалы әрі пайдалы ақпарат”, – дейді авторлар.

Видеоны түсіру барысында оған ата-аналар да атсалысқан. Сценарий бойынша, белгісіз адам төменгі сынып оқушысының қасына барып, оның ата-анасы жұмыстарымен кетіп қалғандықтан, оны үйіне өзі апарып салатынын айтады. Сынақ нысанасына 6 мектеп оқушысы ілінді. Олардың бесеуі көлікке еш қиындықсыз отырып кете барған. Тек бір бала ғана бейтаныс адаммен сөйлесуден бас тартқан.

Бейнероликті қазірдің өзінде 80-гу жуық адам бөліскен.

Талқылау