Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда найзағай түскен әйел аман қалды

Талдықорғанда алқапта жұмыс істеп жүрген әйелге найзағай түскен. Денесі күйіп қалған әйел ғажайыптың күшімен аман қалды.

Талдықорғанда найзағай түскен әйел аман қалды

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«2-3 «Б» дәрежесіндегі күйік алған. Оң жақ жамбасы мен табанына найзағай түскен. Денесінің 3% аумағы күйіген. Біздің көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр деңгейде», – дейді көпсалалы аурухананың емдеу жұмысы жөніндегі директорының орынбасары Қанатбек Әбдірахманов.

Найзағай түскеннен кейін тірі қалған әйел сұхбат беруден бас тартты. Алайда жанында тағы 10 адам болғанын айтты.

Олар алқапта жүрген кезде жаңбыр жауып, ол су ішкен. Осы кезде денесінің қатты ауырғанын сезіпті.

Ал физик Юрий Пак найзағайдан адамның өліп кететінін айтып, әйелдің жолы болғанын атап өтті. Өз сөзінде ол найзағай түсуінің салдарынан адамның басты ағзалары – миы мен жүрегі зақымдалатынын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау