Талай жігіт сөз салған: Танымал журналист не себепті әлі күнге дейін тұрмыс құрмағанын түсіндірді

Бейсенбі, 3 Тамыз , 2017 12:49

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы не себепті әлі күнге дейін тұрмыс құрмағанын түсіндірді. Оның бұл тақырыпта әңгіме жазуына желідегі оқырманның пікірі себеп болған екен.

15380448_1299244723481098_5065921557063499814_n

Сурет Бибігүл Дәулетбекқызының желідегі парақшасынан алынды

Жеке өмірі туралы жазбасымен Дәулетбекқызы Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

Назарларыңызға журналистің әңгімесін толық нұсқада ұсынамыз.

Оқырманның пікірі селт еткізді

Мен әрбір әңгіме жазар алдында, оқырмандарымның маған қандай сұрақ қоярын жақсы білем. Отбасы туралы тақырыпты қозғамаймын. Себебі, тұрмысқа шықпадым. “Жар-Жар” бағдарламасын неге өзің жүргізбейсің?”,- дегенде де, мырс етіп күлгенмін.

Әйелдер туралы ток-шоуды “Ұлттық” арнаға ұсынғанымда да, өзің жүргізсең қалай болады дегенде де, басымды шайқадым.

Әлеуметтік желіде де отбасы туралы жазбайсыз ба деген оқырмандарымен де, келіспедім.
Әркім өз орнын білу керек. Мен ол өмірдің есігін әлі ашпадым. Сондықтан да мен үшін бұлыңғыр.

Бірақ, бірақ, мына пікірге қарсы айтар уәжім бар.

“Жади Сарсенова ханым, бәлкім Сіз сіңлім боларсыз, әлде әпкем, мүмкін замандасымсыз. Бұл сұрақты сіз маған батылыңыз жетіп жазды. Көптеген осындағы оқырмандарымның маған қояр сауалы шығар. Сіздің сауалыңызға жауап берейін.

“Сіз де күйеуге шықсаңыз, күйеуіңіздің айтқанын істер ма едіңіз?”
“Көп қыздар есі кіріп, ақыл тоқтатқаннан соң, күйеуге шыққысы да келмей қалады. Шыққан күнде де күйеулеріне бағынғылары келмей қалады. Ал Сіз соған дайынсыз ба?”

20597100_1609046872500880_4459784435362986294_n

Жауабым:

“Күйеуімнің айтқан сөзін міндетті түрде жасаймын! Қатып қалған жүректі жібітер ер-азамат табылса, айтқанын екі етпеймін. Одан мен арланбаймын! Астымдағы тағым, басымдағы тәжім түссе, тәуекел! Махаббат пен сүйіспеншілік болған жерде, ұрыс болуы мүмкін емес. Жүрегіңнің қалауын таңдар алдында, әбден тыңдаған дұрыс. Байға шығу осы екен деп, көрінгеннің етегін ұстаудың қажеті шамалы. Қазір мен жұрт секілді: “Қазақтың марқасқа жігіттері сөз айтпады, ұсыныс жасамады” десем, төбемде бір Алла барлығын көріп тұр. Алланың алдында айыпты болып, күнәға батқым келмейді. Алла маған жақсы, керемет жігіттерді жіберді. Орыстар айтпақшы: “грех жаловаться”. Байдың ерке ұлдары да, елдің серке жігіттері де, қазақтың “мен” деген марқасқа азаматтары да үйленейік деп ұсыныс жасады. Әлі де жасауда. Байлыққа қызықпаймын. Оны өзім де жасай аламын. Жүрек деген шіркіннің құдіреті өте күшті. Бұрыннан бері менің әңгімемді оқып жүрген болсаңыз, жақсы түсінер ме едіңіз. Ол туралы осыдан екі жыл бұрын “Бақыт деген не? Мен осы кімді іздеп жүрмін?” деген өз басымнан өтіп жатқан шытырман оқиғамды жазған едім. Сондағы кейіпкер көрші апамның маған көзі түсіп:

– Бибишка, сен менің келінім болсаң, о дүниеде тыныш жатып ұйықтар едім, -дегенде, ол кісіні қатты аяп кеттім. Құшақтап бірге жыладым. Бірақ айта алмадым. Жүрегімді селт еткізбеді ұлыңыз деп. Байғұс ананың жұдырықтай жүрегін жаралағым келмеді. Одан қалды анашым да:

– Көп бара берме ол кісіге. Үміттеніп жүр ғой. Бәрібір сен оның ұлын ұнатпасаң, бірден айт! Ол жігіт емес. Ана! Жігіттердің жүрегін жаралағандай, ол кісінің де жүрегіне қаяу түсірме,- деді.

Анашымның сөзінен кейін апашыма баруды тоқтаттым. Ренжіді. Ұрысты. Сағынды. Шүйіркелескісі де келді. Бірақ, өзімді тежедім. Менен апашым суысын деп, телефонымды көтермедім. Ақыры ол жерден көшіп кеттім. Апашымды қатты-қатты, өте қатты жақсы көрем. Ол менің екінші анам десем де, өтірік айтқандық емес. Туған қызындай болып қалдым.

– Бибишка, Тоқашымды(туған сіңлісі) қалай жақсы көрсем, сені де солай жақсы көрем. Саған тек бақыт тілеймін! Үбірлі-шүбірлі бол,- деп осыдан үш күн бұрын телефоннан батасын берді. Көзімнен ыстық жас төгілді. Егер де менің орнымда басқа қыз болса, көзін тарс етіп жұмып шығар ма еді. Элиталық көпқабатты үйде пәтері, астында машинасы бар, сымбатты, бойы ұзын жігіттен ешкім бас тарта қоймасы анық.

Ондай ене мына отырған Сізге арман! Тамағы өте дәмді, тазалықты қатты жақсы көреді. Ұрыстан бойын аулақ ұстайды. Жаны да, ары да таза жан. Мен ондай енемді аспанға шығарып, көтеремін.

Ал, ене деген тақырыпқа келсек, енемді анамдай жақсы көруге бармын! Ол үшін тілімді кесемін. Кішкентайымнан әжелердің тәрбиесін алған мен, үлкен кісілермен сөзім тез жарасады. “Ене – қатал, ене – жаман” деген сөздер орыстардың тещасынан қалған жаргон сөз. Ене де кезінде қыз болған, ол да келін болып, сәлем беріп, зыр жүгірген. Сен оқтай көзіңді қадап, тіліңмен сүйрелеңбесең, оның да сенен алар ақысы жоқ. Ол да Сіз бен біз секілді ет пен сүйектен жаралған пенде. Пенде болғаннан соң, тіл қышиды, құлақ түріледі, маңдай тырысады. Ондай кезде көз алдыңызға сүйікті анашыңызды елестетіңіз. Бір нәрсені бүлдіріп алғанда, анаңыздың сөзі сүйектен өтердей болады, бірақ бірнеше сағаттан соң ұмытып кетесіз. Солай ма? Міне, дәл осындай қағиданы ұстаныңыз.

Сол ененің құрсағынан сүйіп қосылған жарыңыз дүние есігін ашты. Егер сол Сіз жек көрген енеңіз болмаса, мына жаныңызда жатқан күйеуіңіз бұл пәниде болмас еді. Ал, сіз асыл жолдасыңыздан тәп-тәтті балақайларыңызды сүйер ме едіңіз?! Енеңізге ашуланғанда, тіліңізді тістеп, томпаңдап жүгіріп жүрген балаңызға бір қараңыз да, “тәйірі, осы да сөз болып па” деп қолды бір сілтеңіз. Ары қарай сөзі де енеңіздің таусылады, батарейкасы да отырады. Сол кезде Сіз күлімсіреп:

“Мам, жақсылап тұрып шәй ішейік”, -десеңіз болды, анау айтқандай ауру, есалаң адам болмаса, оның да тас емшегі жібіп, жүрегі елжірейді.

Менің титімдей жүрегім қарттарға, мүгедек, ауру балаларға елжіреп, жылайды. Бірақ, еркектерге келгенде тарс етіп есігін жауып алады.

Мен өзім секілді кең жүректі жігітті іздеп жүрмін. Іздеп келемін. Тапқандаймын… Уақыттың еншісінде.

Жіберіп алмаңыз:

Анасының қызы: Айару Бақытбектің купальникпен түскен суреті желіні шулатты

Ерке Есмахан не себепті әндерінің “хит” боп кететінін түсіндірді

Марқұм әпкесін еске алған Роза Әлқожа тыңдармандарын жылатты (видео)

Серік Жанболат: Баян Мақсатқызы – мен үшін ғылым докторы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Anonymous says:

    Бибігүл бақытты болыңыз! Сіз бақытты болуға әбден лайықты жансыз!

  • Anonymous says:

    Шынында куганский

  • Anonymous says:

    Жап жаксы жазылган арбир казак кызы оз жары мен енесин силауда осы пикирде болса ажырасу деген мулде болмас еди

  • Anonymous says:

    Тіпті Амантай қажы да тоқалым бол деп ұсыныс жасады деп мақтансай

  • Anonymous says:

    қуып кеткен, құр бос сөз сенікі

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар