Ерке Есмахан не себепті әндерінің “хит” боп кететінін түсіндірді

Бейсенбі, 3 Тамыз , 2017 11:55

Қаумалаған халық, қосыла шырқаған тыңдарман! Иә, «Қайда» әні хит болғалы Еркенің өмірінде күнде жиын, күнде той! Ал, өнер иесінің сөзінше, аталмыш тректің ел арасында тез таралуына сазгерден бөлек, ән мәтіні авторының да үлесі зор екен.

20478433_127711234510982_5422953895523516416_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Бұл әннің сазын студент қыз жазса, сөзі Қайнар Алагөзовтікі! Мәтін авторы мен Еркенің таныстығы Төреғалимен жазған «Алло» әнінен бастау алған-ды…

“Сөзге көп мән беремін әндерімнің сөздеріне. Тек жаным, күнім, сүйдім, құладым деген ондай жаза алмаймын. Сондай жақсы-жақсы сөздермен болсын деп, тәрбиелік мәні бар, бос сөз болмасын деп, өзімнің бауырым Қайнар Алагөзовке жаздырдым», – дейді Ерке.

«Жазған әндеріміз хит болып кетеді деп ойлаған жоқпыз. Хит болғанына және біздің кінәміз жоқ ешқандай. Адамның қалауымен, адамдардың талантымен», – дейді ақын Қайнар Алагөзов.

Бейнебаян желісінде жүрегінің жартысын елдің түкпір-түкпірінен іздеген Ерке, галактикаға да сарап шегеді. Иә, ән мәтінін түрлі тіркестермен өрнектейтін Қайнардың сөз жазудағы дара жолы бар!

«Неге егер мықты ақын болсаң, машинаның «глушителі» туралы өлең шығармайсың деп. Ол жерде күлкі болды, әзіл болды. Бірақ, мен шынымен ойланып қалдым. Неге мен машинаның глушителі туралы өлең шығармасқа деп. Содан кейін өлеңдердің ішіне, «асфальт», «компьютер», «салон», «қысқа юбка», «шли» деп қолдан келгенше өлеңдерді қосып жатырмыз. Елдің көңілінен шығар ма деген ниет қой бұл жерде», – дейді Алагөзов.

«Ойламаған сөз келеді ойына, сол әнге ұйқасып тұрады. Және де мағынасы да жай ғана емес, сондай мағынамен, үйлесімділігін тауып тұрады да», – деп түсіндірді Ерке.

Иә, хиттің аты қашанда хит! Тіпті, танымал трек Ерке Есмаханның экс-жұбайын да бей-жай қалдырмаған. Бүгінде Асхат Садырбайдың аталмыш әнді күніне бір тыңдамаса көңілі көншімейтін көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе стадионында футбол жанкүйерлері жаппай Еркенің әнін айтып кетті (видео)

Асхат Садырбай экс-жұбайы Ерке Есмаханның әнін тыңдап жүр (видео)

Анасынан аумайтын қызым: Сәкен Майғазиев отбасылық қуанышымен бөлісті

Ерлан мен Баян қырқынан жаңа шыққан сәбилерін көрсетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар