Таиландтта жол апатына түскен отандастарымызға қатысты жаңа дерек шықты

Қазақстандық 8 турист Таиландта жол апатына түсті.  «Хануман әлемі» саябағында тұраққа бет алған микроавтобус талға соғылған, деп хабарлады КТК арнасы.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 8 отандасымыздың төртеуі түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Сүйегі сынып, денесі тілінгендеріне шұғыл көмек көрсетілген. Дәрігерлер ем-дом жасап, өз бақылауларына алған. Ал, жеңіл жарақатпен түскен 1993 жылғы азаматша ауруханадан шыққан. Министрліктің мәліметінше, қалған 4 қазақстандықтың денсаулығы бірқалыпты. Ақ халаттылардың көмегін қажет етпейді.  Полиция апаттың себеп-салдарын анықтауға кірісіп кетті. Ал, рөлге ие бола алмай адам өмірін қатерге тіккен жүргізушінің қанында алкоголь бар-жоғын нақтылауға сараптама тағайындалған.

“Қазақстандық дипломаттар Таиландтың Пхукет аралында апаттан зардап шеккен азаматтармен байланыста. Қажетті көмектің бәрін көрсетіп жатыр. Барлығының медициналық сақтандыруы бар. Ауруханада 1945, 1982 және 1978 жылы туған отандастарымыз жатыр”, – деп хабарлады Сыртқы Істер министрлігі.

Жіберіп алмаңыз:

Бишімбаев әлдебір бикешке қымбат пәтер сатып әперген

Полиция ақбөкенді мазақ етіп, қорлағандардың бірнешеуін ұстады

Амандасу әдебі: Қазақ қалай амандасқан?

Ішімдік ішіп жарысқан қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар