Полиция ақбөкенді мазақ етіп, қорлағандардың бірнешеуін ұстады

Қорғалжың мемлекеттік қорығында ақбөкенді көлікпен қуып, видеоға түсірген адамдардың бірі анықталды. Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

“Ақбөкен жайлы видеодағы адамдардың кейбірі анықталды, олар Астана тұрғындары болып шықты. Қазір жауап алынып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес әзірге қалған ақпаратты бере алмаймыз, іс бақылауға алынған”, —деді Амола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.

Ол даулы істің барлық мүшесі анықтала салысымен бұл туралы міндетті түрде ақпарат берілетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, белгісіз біреулер ақбөкенді көлікпен қуып, кейін әбден қалжыраған жануарды мазақ қылған еді.

Оқиға туралы видеоны Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жариялады.

Видеода бір топ жігіт пен бала әбден қорқып, қалжыраған ақбөкенге тиісіп, көңіл көтеріп суретке түсіп жатыр.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өкілдерінің айтуынша, жануарларды қорлап, қиянат жасаған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Тағы оқыңыз:

Амандасу әдебі: Қазақ қалай амандасқан?

Сығандар мүгедек-зейнеткерді қайыршы етіп, құлдықта ұстаған

Амандасу әдебі: Қазақ қалай амандасқан?

Тарихтағы ең бай адам белгілі болды

Назарбаев қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар