Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта жезөкшелермен көңіл көтерген шетелдік азаматтар ұсталып қалды

Таиланд полицейлері заңсыз түрде жұмыс істеп келген свингер-клубқа басып кіріп, ыңғайсыз жайттың куәсі болды. Олар жергілікті жезөкшелермен бірге әлемнің әртүрлі елдерінен келген туристердің үстінен түскен.

Бұл туралы Mirror-ға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Демалушылар» Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Аустралия, Қытай және тағы да басқа елдерден келген. Жынойнаққа қатысу үшін келушілер небәрі 35 фунт стерлинг ақша төлеген (шамамен 15 мың теңге).

Оқиға әлемнің сексуалды астанасы саналатын Паттайя қаласында болған. Кадрлардан жалаңаш ерлер мен әйелдердің камерадан жасырынуға тырысып жатқандарын көруге болады. Полиция орта жастағы 18 туристен жауап алып, ақырында оларды босатқан.

«Tulip қонақүйінің үстінен шағым түсті. Бізге аталған орында демалыс күндері секс-кештер ұйымдастырылады деген ақпарат келіп түсті», – дейді құқық қорғаушылардың бірі.

Төрт қабатты қонақ үйде бас-аяғы 30 бөлме бар. Аталған демалыс орны бірнеше демалыс аймағына бөлінген. Оның ішінде, бірінші қабат – ойын аймағы саналатын. Қонақ үйдің үш қызметкері келушілерге қызмет көрсетіп, оларға ыстық шай ұсынып, тазалау жұмыстарын айналысқан. Сондай-ақ, бейәдеп ойындарға қосылып отырған. Қонақ үй иесі, 53 жастағы Ляо Янді полиция ұстап әкетті.

Тағы оқыңыз: 

Өлетінін сезгендей: Әйгілі DJ Авичи өлерінен үш күн бұрын алғыс айтып, хат жазған

Ең керемет жұп: 18 жастағы жігіт бітіру кешіне анасын шақырған (фото)

Үндістер тайпа емшісінің қазасы үшін канадалық азаматты қинап өлтірген

Ең нашар ана: Әйел 4 кішкентай баласын тастап, Еуропаға кетіп қалған

Талқылау