Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлетінін сезгендей: Әйгілі DJ Авичи өлерінен үш күн бұрын алғыс айтып, хат жазған

Әлемге әйгілі ди-джей Авичи жастай үлкен жетістікке қол жеткізді. Өкінішке қарай, өнер иесінің ресми өкілі оның Маскаттан өлі күйде табылғанын растады. Ди-джейдің жасы небәрі 28-де болатын.

авичи

Бұл туралы Mirror-ға сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

2016 жылы гастрөлін аяқтаған Авиций мәлімдеме жасады. «Жанды дауыстағы ән кештерімнің аяқталуы менің музыкамның аяқталғанын білдірмейді», – деген еді.

Авичидің «келесі кезең» туралы оптимистік жазбалары көпке шабыт сыйлаған-ды.

«Әрқайсымыз қызмет жолында биік шыңға жетеміз. Ол біз үшін негізгі нәрсе екенін түсінеміз. Мен не үшін өмір сүремін, не сеземін, өмірге не үшін келдім, бастысы сол.

Өткен жылы мен жанды дауыста концерт беруді қойдым. Алайда онымен бірге музыка да аяқталады деген сөз емес. Есесіне мен барлығы бастау алған жерге – яғни студияға қайта оралдым», – дейді Авичи.

«Келесі кезең менің музыкаға, сіздерге деген махаббатыма арналады. Бұл жаңаша дүниенің бастауы. Сіздерге де ұнайды деген сенімдемін», – деді Авичи.

Авичи жазып жатқан жаңа әуенді жанкүйерлер енді ешқашан тыңдай алмайды. Өмірімен қош айтыспас бұрын ди-джей жаңа туындымен жұмыс істеп жатқан.

Сондай-ақ, шведтық DJ өлерінен небәрі үш күн бұрын Billboard сыйлығына ұсынған жандарға алғыс хат жолдаған. Авичи «Үздік би/электронды альбом» аталымы бойынша номинант атанған болатын. Аталған сыйлықты табыстау салтанаты мамыр айының 20-шы жұлдызында өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Ең керемет жұп: 18 жастағы жігіт бітіру кешіне анасын шақырған (фото)

Ең нашар ана: Әйел 4 кішкентай баласын тастап, Еуропаға кетіп қалған

Қанша уақыт өтсе де қартаймайтын әйел 41 жасында өз ұлымен қатарлас көрінеді (фото)

Анасы жаңа туған сәбиін ұшақта танысқан бейтаныс әйелге бере салған (фото)

Талқылау