Таиландта піл иесін өлтіріп, “қылмысын” жасыруға тырысқан
Таиландтың оңтүстік аймағында піл иесін өлтіріп, оның мүрдесін жасыруға тырысқан. Жануар иесінің үстіне ағаш бұталарын толтырып тастаған. Туыстары марқұм болған азаматтың денесін тек бірнеше сағаттан кейін тапқан.

Бұл туралы шетелдік Nation басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқыс оқиға Краби провинциясында орын алған. Полицияның сөзіне қарағанда, 50 жастағы фермашы Аморн Моракоттың денесі ағаш бұталарының астынан табылған.
Сараптама нәтижесі азаматтың ауыр соққыдан көз жұмғанын көрсетті. Туыстарының сөзінше, иесі сол күні жануарды шынжырмен байламақ болған.
Сондай-ақ, жақындары жануардың бұған дейін де иесіне шабуыл жасағанын айтқан.
Жіберіп алмаңыз:
Мәскеу тұрғыны ғаламтор арқылы алдырған сушиді жеп көз жұмды
Педофил желі арқылы ұл-қыздармен танысып екі жылда 56 баланы азғындаған
Күйеужігіт өз тойында келген қонақпен төбелесем деп көз жұмды
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"