Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Педофил желі арқылы ұл-қыздармен танысып екі жылда 56 баланы азғындаған

Ер адам 2015-2016 жылдары 51 қыз бен 5 баланы азғындаған.

Тергеу мәліметтерін сүйенсек, ер адам желіде 11 жасар қыз бен 14 жастағы баланың атынан екі парақша жүргізіп отырған. Осылайша 10-14 жастағы балаларментанысқан.

Ол балаларға жалаңаш суретке түсуін сұраған. Сурет жібергендерге бірнеше рет тағы сондай талап қойған. Тіпті кездесуге шақырған. Талабын орындамаған жағдайда алғашқы жіберген суретін таратамын деп қорқытқан.

Бірде жалаңаш күйінде селфи жасамақ болған қызын анасы көріп қалады. Ол полицияға шағымданған соң педофил ұсталды.

Күдіктіден бірнеше порнографиялық материалдар табылды. Ол желіде 80-ге жуық қыз-баламен сөйлескен. Желідегілер өзімен жасты баламен сөйлесіп отырмыз деп ойлаған. Ал кездесуге келген оның ағасы деп түсінген. Күдікті 4 қызбен интимді қатынаста болған. Оларды гаражға немесе өзінің пәтеріне апарған.

Күдікті 96 қылмыс бойынша айыпталып жатыр. Оның құрығына түскен бірнеше қыздың психологиялық соққы алғаны белгілі болды. Күдіктінің өзінің де психиологиялық ауытқулары бар болып шықты.

Талқылау