Түсіпбаева қызды болғысы келетінін айтты

Бейсенбі, 23 Маусым , 2016 16:24

Меруерт Түсіпбаеваның анасы әлі де өнерлі қызынан немере сүйгісі келетінін айтты. Актрисаның өзі де мүмкіндік болып жатса, жаратқанның мұндай сыйынан бас тартпайтынын жеткізді.

image

Фото: facebook.com/profile.php?id=100003116480162&fref=ts

Бұл туралы Астана арнасының “Аналар” бағдарламасында айтылды.

Түсіпбаева анасының жатырында жатып-ақ мазасыз болған екен. Есімін Меруерт Өтекешоваға ұқсасын деген ниетпен әкесі қойған. Анасы өте пысық болғандығын айтады. Сиыр саууды үйреніп, аз уақыт ішінде бір қарын май жинаған күндері болған екен.

Алыста жүрсе де, анасы Меруерт Түсіпбаева үшін үнемі алаңдап жүреді. Алдағы уақытта өнері өрге жүзген перзенті қызды болса екен дейді.

“Қай балам болса да жақсылық пен сәттілік тілеймін. Аман болса екен деймін. Бұл қызым басқасынан әлдеқайда ерекше. Бәріне қамқор, ақылды әрі елге де сыйлы. Нұрғисаның жалғыз ұл емес, екі-үш баласы болғанын қалар едім.

Алла бұйыртып жатса, қызым да кетәрі демейтін шығар деп ойлаймын. Нұрғисама әдемі қарындас, маған Айзерем (немересі) секілді кішкентай әп-әдемі бөпе туып берсе, бұл үлкен сый болар еді”, – дейді Меруерт Түсіпбаеваның анасы.

13419101_980293692084504_505118385243394797_n

Анасының бұл сөзін актрисаның өзі де қоштай түсті. Өткен өміріне көз жүгіртіп, қазақ елінің санын көбейтуге үлесін қоспағанын тілге тиек етті.

“Келесіде аналар бағдарламасына келген кезде, Нұрғиса бір жағымда, екінші жағымда мынадай бір қызым болса деп армандаймын. Ол бір жағымда, анам екінші жағымда дегендей. Анам қолына шөбересін алып, әлі керемет өмір сүреміз. Алла осының бәріне жеткізсін. Алла тағала берсе, мен ешқашан бас тартпаймын.

Өнердің әр саласында мен өзімді көрсеттім. Тек радиода жұмыс істемеген шығармын. Тележүргізуші де болдым. Бағдарлама жүргізіп, телехикаяға да түстім.

Ғылым кандидаты, доцент атандым. Эстрададағы жолым бір бөлек. Өнерге менің біраз еңбегім сіңді. Бірақ Қазақстанның демографиясын көтеруге менің ешқандай еңбегім сіңбеді”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.

Көпбалалы ана болмаса да, тоғыз құрсақ көтерген анасын ерекше жақсы көретінін айтты. Өзінің алғашқы жалақысын анасын қуанту үшін жұмсаған екен. 1997 жылы концерттен түскен ақшасына Барахолка базарына барып ең қымбат тонды сатып алған-ды.

Актриса дәл қазір Тблисиде демалып жатыр. Ол БАҚ өкілдерінен өзін әдеттегідей мазаламауды сұрауда.

“Адамдар, мен демалыстамын. Өтініш мені мазаламаңыздаршы, а? Журналюгалар, өтініп сұраймын, мені ұмытып, жайыма қалдырыңдаршы! Өтініш”, – дейді актриса.


Жіберіп алмаңыздар:

Меруерт Түсіпбаева: Ажырасқан соң отбасылы адамға ессіз ғашық болдым

Меруерт Түсіпбаева желіде өзіне тіл тигізген қызды аяғына жығылдырып кешірім сұратты

Түсіпбаева өзін енесі үйінен қалай қуып шыққанын айтып берді

Түсіпбаева: Мен – тұлғамын! Сіздерге ұнаймын ба, жоқ па, түкіргенім бар!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Тусада жарияға жар салама еріккен қатын. Оның туғаны кімге керек

  • Жәнібек Амантай ұлы says:

    Тугың келсе туып алшиш жарияға жар салмай…

  • Анонимно says:

    Үүүүүүүүүүүүүүүүүүүүф осы жетпи тұреді

  • Анонимно says:

    Халықтында ондай болса оған түкіргені бар

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар