Меруерт Түсіпбаева: Ажырасқан соң отбасылы адамға ессіз ғашық болдым

Сейсенбі, 12 Сәуір , 2016 18:18

Өзіндік тыңдармандары бар әнші ешкімге жағымпазданбайды,ойы мен қалауын ашық айтады.  Кейде жүректі қарып өтер сын айтып, барлығына әділ баға беруге тырысады. Көптің аузында жүрген тік мінезі де жоқ емес. Мұның барлығы да әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева туралы. Актриса Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында осы күнге дейін айтылмаған сырымен бөлісіп, халық арасында жүрген қауесет сөздің нүктесін қойды.

111

Фото: brod.kz

Бір қарағанда әншінің жүрегінде не жатқанын, көңілінде қандай ой тұрғанын сезіну қиын. Мұны әріптестері де, тыңдармандары да біледі. Шын сыры тек өзіне мәлім. Әр таңын баласын оятудан бастайтын әнші перзентінен ешнәрсені аямайтынын айтады.

“Мен ұшақпен жиырма төрт сағат бойы Америкадан ұшып келсем де, қатты шаршап-шалдығып тұрсам да, баламды таңғы сағат жетіде барып оятамын. Ұйқысы қанбай тұрса, кешірек оятамын. Артынша киімін кигізіп беремін. Перзентім үшін жақсы ана болғым келеді.  Жекеменшік мектепте таңғы сағат жетіден кешкі жетіге дейін білім алатындықтан, күні бойы көре алмаймын. Сондықтан оны оятып, мектепке шығарып салу менің міндетім. Жақын достарым, әпкелерім, сіңілілерім “Әй, балаң он төртке келді. Оны оятқаның не?! Ол бірінші сыныптың оқушысы емес қой” деп қатты сөгеді. Сіңілілерімнің балалары ата-анасын оятып алмауға тырысып, шайларын өздері ішіп, тып-тыныш мектепке кетеді. Ал мен керісінше оны жеделсатыға дейін шығарып салып, “Балам жақсы оқы, менің үмітімді ақта” деп ақ тілегімді аямаймын. Кей әншілер секілді тұра салып жұлқынып, жұлынып спортпен айналысамын деп айта алмаймын. Спортпен тұрақты түрде айналысатын әншілердің қатарында болсам да, жаттығу залына тек кешкі бестен кейін ғана барамын. Мұнымен қатар, үйімде барлық жаттығу құралдары бар”, – дейді әнші.

Түсіпбаева небәрі төрт айлығында “Ұят болмасын” бағдарламасына түскен ұлы Нұрғисаның бүгінгі таңда өнер жолын таңдамағанына еш ренжімейді. Пианино, домбыра ұстаздарынан сабақ алса да, еш нәтиже шықпаған екен.

Sequence 01 (0

Фото: youtube

“Құдайға шүкір, балам өте қарапайым. Өнерге адамды зорлықпен баулуға болмайды деген ұстанымым бар. Ол – тым нәзік, сиқырлы дүние. Баланы қинап математика оқытып, түрлі тіл үйретуге болатын шығар. Бірақ баланың өнерге деген ыстық ықыласы мен махаббаты болмаса, оны мәжбүрлеуге болмайды. Балама таңдау жасауға мүмкіндік бердім. Нұрғисаның 2-3 жасынан бастап пазл жинайтынын мақтанып айтамын. Осы күнде нешетүрлі пішіндегі кубик-рубикті 10-15 секундте жинайды. Математикаға жұрдай адам болсам да, балам осы пәнді сүйіп оқиды әрі аталған пәнге деген қабілеті мол. Ал мен көп ақша тапсам санай алмай, оны он-оннан бөліп алып есептеймін. Қазіргі таңда қазақ-түрік лицейінде оқиды. Былтыр Лондонға барып білім алды. Менің аузымнан “жоқ” деген сөзді естімей, автобусқа мінбей өсіп жатқан баланың жағдайы ерек болады. Еркелігі бар екенін де жасырмаймын. Десе де болашақта өзге аналар секілді мен де тәрбиелі азамат болып өскенін қалаймын”, – деп әнші жалғыз басты әйелге ер баланы тәрбиелеудің өте қиын екенін жеткізді. Мұнымен қатар, жалғыз өскен баланың мінезінде өзімшілдіктің болатындығын, қолынан келгенше толық отбасында өмір сүріп жатқандай жағдай жасайтынын айтты.

новый коллаж

Фото: otarka.kz

– Меруерт ханым, табиғатыңызға әншілік пен актрисалықтың қайсысы жақын?

– Меніңше, бұл екі мамандықтың аса айырмашылығы жоқ. Өйткені әнді жүрекпен айтады. Қазақ эстрадасында жүрген 20 жылда 20 хит ән шығардым. Өнерге алғаш 1996 жылы қадам бастым. Осы күнге дейін әндерімді сұрайтын жандар бар. Кейде қоржынымда қандай әндерім бар екенін ұмытып жатамын. Бәлкім әр әнімнің хитке айналуына актерлік қабілетім көмектескен шығар. Сезініп, жүрекпен жылап айтқандықтан, лирикалық әндерім тыңдармандарыма жетті. Мен көбінесе автобиографиялық әндерді орындаймын. Күйеуіммен ажырасқан соң “Ақ жауын” атты әнді жазыдырып, бейнебаян түсірдім. Ажырасу оңай емес, қатты қиналып, күйзеліске түскен болатынмын. Осы әнім жарыққа шыққан соң жанымда тыныштық орнады.

Әншінің тағдырына тікелей қатысы бар әні жалғыз бұл емес. “Мұңым менің” атты әнде де үлкен “тарих” жатыр.

“Ажырасқан соң шексіз ғашық болдым. Абай атамыз айтқандай, махаббат деген нағыз дерт қой. Сол бір аяулы жанға деген сезімім өзіме дерт болып жабысты. Сүйген адамымның отбасы болғандықтан, қоштасуға мәжбүр болдым. Өзіме ән керектігін айтып ақын Жаңагүл Қадыроваға өлең жаздырдым. “Мұңым менің” (“Сен кеткен соң”) атты өлеңнің 30 пайызы өзіме тиесілі. Сол әнді дүниеге әкелген кезде перзент босанғандай, шерімді сыртқа шығарып, әбден тарқаттым. Бейнебаян түсіріліп жатқан кезде де қатты жыладым. Бәлкім бейнебаянға кірмей қалған шығар”, – деп Меруерт Түсіпбаева өміріндегі қуаныш пен қайғыны қатар салған оқиғаны еске алды.

b81daa4158b42bb216f6cfaf8fcb8be8

Фото: on.kz

“Соңғы кездері жаздырып жатқан әндерімнің біреуі де тыңдарманның жүрегіне жетіп жатқан жоқ. Оны мойындаймын. Мүмкін шынайы махаббаты сезінбей жүргендігімнің әсерінен болар. (Күлді). Құдды тәніңде жасырынып, сыр бермейтін сары аурудай. Сары аурумен ауырған кезде дәрігерлер науқасқа ем-дом жүргізіп, оның жазылғанын айтады. Ең өкініштісі, жазылсаң да, қан тапсырып, өзге біреуге донор бола алмайсың. Өмір бойы қаныңда ақау болады. Актриса ретінде жылына екі кино, екі телехикаяға шақырып жатса, мен соны қанағат тұтып, әншіліктен бас тартар едім, – дейді әнші.

620_930

Фото: gonzo.kz

– Қазақ эстрадасында жиырма жылдан астам уақыт жүргендіктен, сахна мәдниетінің қандай болуы керектігін жақсы білесіз. Соңғы кездері әншілердің ашық-шашық киінуіне байланысты немесе стиліне байланысты дау-дамайлар болып жатыр. Бұл туралы пікіріңіз қандай?

– Анау Ринаттың сынаған “91” тобы туралы айтсам, менің олар туралы ойым басқа. Өнерде канон жоқ, ол санқырлы, санқилы болуы тиіс. Ол – шексіз, шетсіз әлем. “Мынандай нәрсе Қазақстанда болмасын” деп айтқандарға мен түбегейлі қарсымын. Тіпті МС Сайлаубекті де қабылдаймын. Өйткені мұны халықтың өзі қабылдап жатыр. Ал халық қабылдаған нәрсе өнер болмақ. Бәлкім көзіміз үйренбеген шығар, десе де мұның өнер екенін жоққа шығаруға болмайды. Өзімізді “біз – қазақпыз, біз бүйтейік” деп шектей беретін болсақ, ешуақытта дамымаймыз. МС Сайлаубекті қабылдау қателік болса да, біз артқа емес, алға бір қадам жасаймыз. Ең бастысы, тәжірибе жинаймыз. Бір орында тұрып қалған судың өзі борсып кетеді емес пе?! “91” тобын қабылдаймын, ал Ринат мырзанікін дұрыс деп айта алмаймын. Біріншіден, ол нәрсені қазақтар көрмей жүрсе бір жөн. Арналарды қосып алып кәрістерді, еуропалықтарды көреді емес пе?! Қазір цензура жоқ, жалаңаш қызды көргісі келген еркек қажет болса бұл тілегін орындайды. Сондықтан аталған топтың киіну стилін, биін шектен шыққандық деп қабылдамаймын. Білесіз бе, қазақтың бір тойында жасы үлкен ер-азаматтар іш киіммен жүріп билеген немесе Кончитоны алыңызшы. Ал “91” тобы мұндай жиіркенішті қылыққа барып жатқан жоқ қой. Ринат солай айтты екен деп бәріміз костюм-шалбар киіп алсақ та жарамайды. Онсыз да қазақ эстрадасында қозғалмайтын, шыққанда және сахнадан кеткенде бір иілетін азаматтар көп. Сахнаға шығып алып, сол жерде ескерткіш секілді қатып тұрады. Мұндай образ адамды жалықтырады. Ал мына балалардыкі нағыз талант қой. Дәл олар секілді “Ринго, “Орда” топтары да билей алмайды. Оларды сынаған адамдар бес жігіттің қатар тұрып, бір уақытта бірдей би билеу үшін қаншама тер төгетінін білмейді. Барды бар деп, жоқты жоқ деп айтайық. Кез келген адам өнерге қадам басқан кезде еліктейді. Еліктеу арқылы өзін табады. Мен, мысалы, София Ротаруге еліктедім. 88 пайыз әнші Роза Рымбаеваға еліктеді. Бұл – мен ашқан жаңалық емес, табиғаттың заңы. Өнерге жаңадан қанат қағып келе жатқан жігіттердің қанатын қайырмайық. Бұлақ көрсең, көзін аш демекші, ол да сенің балаңдай жан. Рас, өзім де шәкірт тәрбиелеп жүргендіктен, студенттерімді сынаймын. Мысалы, аяғы қисық бір студентіме тек белдемше киюге кеңес беремін. Қанша дауыс көтерсем де, намысына тимеуге тырысамын. Ринат олардың сырт келбетін сынайтындай стилист маман емес қой. Оған жас ақындарды сынаса жарасады. Оны қатты сыйлаймын, ел ағасы екенін білемін. Өнеріне, өзіне деген еш қарсылығым жоқ. Бар болғаны әр нәрсе орнымен айтылса деймін. Мұндай сын маған немесе Баян Есентаеваға айтылса, біз сынбаймыз, ал өнерге жаңадан қадам басқан жігіттер үшін бұл өте ауыр дүние.

113

Фото: kaztube.kz

– Бірнеше күн бұрын фейсбуктегі парақшаңызға салған видеоның желі қолданушылар қызығушылығын арттырғаны анық. Тіпті, сізді ақ көйлек киіп, жақында қоныс тойын тойлайтынын айтып жатыр. Бұл қаншалықты рас?

– 2006 жылы менің өмірімде үлкен өзгеріс болды. Бұл өзгерістің алдында жақсы оқиға болған-ды. Маған бір ағамыз “Ұл балаң бар, сен үй салуың керек” деп Думаннан жер сыйлады. Ұлымның болашағын ойлап осы бастан үй салуды, ағаш отырғызуды қолға алмақ болдым. Қасыма 23 жастағы бауырымды алып, әлгі жерді көріп қайттық. Аталған жылдың 16 мамыры болатын. Көңіл-күйіміз көтеріліп үйге қайтып келдік. 17 мамыр күні күтпеген жерден бауырымнан мәңгілікке  айырылдым. Әрине, сол уақытта жанымда жақсы достарым болса, мен жаз бойы күйзелісте жатпай, армандаған үйімді салар едім. Өзім небәрі 34 жаста болдым, ақыл айтатын ешкім табылмады. Мұндай қайғы-қасіретпен өмірімде бірінші рет бетпе-бет кездескендіктен, үй салу ойымнан бас тарттым. Жиған-терген ақшамды “Еллисейские поля” жобасына бірақ салдым. Бұл – өмірімде ешкімге айтпаған фейсбукте тұрған үйдің оқиғасы. Осы үйдің салынуын 10 жыл күттім. Досым, ағам, елімізге танымал сәнгер Берік Исмайылов ол үйді сатпауға кеңес беріп, жобасын өзі құрып беретінін айтты. Ал ақ көйлек кию мәселесіне келсек, жеке өмірімде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ең бастысы, өзімді жақсы көретін, бағалайтын, маған көмек беріп, сүйеу бола білетін салиқалы азамат бар. Қалай десек те, шынайы махаббат адам баласына өмірінде бір-ақ беріледі ғой. Ал ол Қозы мен Баяндікіндей, Төлеген мен Жібектікіндей сәтсіз болатыны хақ. Адам ғашығына қол жеткізе алмай кеткен кезде ғана ол махаббат болмақ, қалғаны жәй сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық, алғыс, сезім ғана.

Естеріңізге сала кетсек, Меруерт Түсіпбаеваның желіде өзіне тіл тигізген қызды аяғына жығылдырып кешірім сұратқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


 

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздардың шын жасы нешеде?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

20
Комментариев
  • Анонимно says:

    Меруерт маған ұнайды, әнінде суисине тың даймын. Жақсы актриса.Аман болсын.

  • Анонимно says:

    Мен вообще тындамайм,кандай андери бар екенин билмеймде шыны керек,жасанды бети кари картайып калган,коринип тур унамайды противная

  • Анонимно says:

    Тоқалы бол…

  • Анонимно says:

    Иа я маган Меруерт унайды неси бар ап адеми суйкумди жинишке фигура сакталган озиге тан сулугы сымбаттыгы бар бай Меруерт. Шындыкты айтады.. Озге аншилер сиякты мактанып отирик сойлемейди. Бар болдыгыны айтады. Кийген кийим стильдериде ап адеми.

  • Анонимно says:

    Меруерт стилы жаман болсада айткан андеры жаман болсада озыме унайды Себебы шындыкты бетке айтады Бул Жалгада киым кешекты бирыншы Маселе кылмау керек Адам деген атка лайык болу керек. Отбасы бар адамга Гашык болса бола берсын сезимге карсы тура алмайсын Бул Меруерттын жеке омыры гой онда шаруаларвныз болмау керек барыненде шындык айткан Адам кымге унаушы еды Бул омырдын заны гой

  • асель says:

    мен к5оп окыдым адемы екен

  • Жұмбақ жан says:

    Меруерт ханым.Автобусқа мініп өссекте құдайға шүкір, халық қатарлы өмір сүріп жатырмыз.
    Қарапайым дейсіз балаңызды, ендеше халыққа жақын автобуспен жүрсін.

  • Жұмбақ жан says:

    Уйлы баранды еркектын ашынасы болганын кымсынбай айтады тегы.Жетыскен екенсын.Уятсыздар

    • Анонимно says:

      Жасырса уятты болганы ма среда? Жасырып жургендер уятты ма не? Оданда ашык айткан жаксы гой осылай. Семьяны бузган жок кой бастысы

  • Жұмбақ жан says:

    Меруерт əнші емес актриса болар. Құлақ құшын қандыратын əні есімде жоқ.

    • Анонимно says:

      Керен шыгарсын Меруеттин андерин естимесен

  • Жұмбақ жан says:

    Аланнын берген бойында онери бар дауысы лирика деп айтсам артык болмас Аман болыныз улыныздын кызыгын кориниз жаксы келин кездессин сизди сыйлайтын

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар