Түркияда 23 адам құрбан болған жол апатының видеосы жарияланды

Жексенбі, 14 Мамыр , 2017 12:15

Түркияның оңтүстік-батысындағы Мармарис қаласы маңында туристер мінген автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 23 адам қаза тапты.

20170513174414

Алдын ала ақпараттарға қарағанда, апаттан жапа шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады Анадолы агенттігі.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің мəліметіне қарағанда, жол апатынан зардап шеккендердің барлығы түркиялық азаматтар.

«23 адам мерт болып, 11-і жарақат алған. Мұғла провинциясы əкімшілігінің ресми мəліметіне сəйкес, апат салдарынан қаза тапқан жəне жарақат алғандардың барлығы Түркия азаматтары. Шетелдіктер жоқ», – делінген Елшілік таратқан ақпаратта.

Шетелдік БАҚ-тар губернатор орынбасары Камиль Кетенге сілтеме жасап хабарлауынша, көлікте Измир провинциясының туристері болған, олар Мәрмәриске саяхатқа бара жатқан. Зардап шеккендердің дені әйелдер мен балалар. Автобуста барлығы 43 адам болған.

Тағы да оқыңыз:

3 жасар сәбидің тілі бірден Құран тілінде шыққан (видео)

Құмырсқаларды зерттеген биолог Ислам дінін қабылдады

Аңшының жалаңаш қолымен аулаған алып жылан ішінен 78 жұмыртқа шықты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар