Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түнде клубтан қайтып келе жатқан оқушы қыз үш рет зорланған  

17 жасар Лондон тұрғыны клубтан үйге қайтып келе жатқан 1 сағат ішінде 3 рет зорланған, – деп хабарлайды Лондон полициясының сайты.

Полиция нұсқасы бойынша, оқиға 29 қыркүйектен 30-ына ауған түні сағат 23:55 пен 00:55 аралығында орын алған.

Мектеп оқушысы достарымен бірге клубтан шыққан. Мұнан кейін достарынан бөлініп, жалғыз өзі үйіне беттеген-ді.

Оқушы қызға тап берген бірінші адам бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол құрбанының соңынан ілесе ғимаратқа кіреді. Алайда зорлық әрекеті бейнебақылау камерасына жазылмаған. Артынша қыздың сырт киімі қылмыс орнының маңынан табылды.

Оқиғадан кейін жәбір көрген оқушы үйіне беттеген.

Бұл жолы бейсболка киген сақалды велосипедші қыздың ізімен жүріп, бірнеше көше бойы аңдыған. Мұнан соң оқушы қызға дәл көшеде тап беріп, арам пиғылын жүзеге асырған велосипедші оқиға орнынан ізін суытқан-ды.

Екінші мәрте зорланған қыздың орнынан тұрып, жолын жалғастырғаны бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Арада бірнеше минут өткеннен кейін ол тағы да зорлыққа ұшырайды. Полиция болжамы бойынша, қылмыстық әрекетке екі немесе 3 ер адам қатысуы мүмкін. Олар қызды көліктердің арасында зорлаған.

Жәбірленушіні байқаған жүргіншілер бірден полицияға хабарласқан.

Құқық қорғаушылар қылмыскерлерді іздестіру үстінде.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар біздің галактиканың қай жерден аяқталатынын анықтады

Қарағандылық қыз бен жігіт Манхэттенде қазақ тамақтарын ұсынатын мейрамхана ашты

Көрші әйелді зорлаған жасөспірім жасаған ісінің өтемі ретінде үй жұмысына көмектесетінін айтқан

Despacito әніне түсірілген клип 4 млрд қаралым жинап жаңа рекорд орнатты (видео)

Талқылау