Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан тұрғынына белгісіз адамдар шабуылдап, көлігін айдап кетті

Белгісіз адамдар Түркістан тұрғынының BMW көлігін айдап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Түркістан ІІБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, көшеде белгісіз адамдардың көлігін тартып алып кеткенін айтты. Олар көліктің кілтін тарып тартып алған. Зардап шегушіге 1 млн теңгеен астам зиян келтірді”, – делінген хабарламада.

Жедел іздеу шарасы кезінде күдіктінің бірі Шымкенттен табылды. Ол бұрын сотталған Түркістан тұрғыны. Полицейлер одан екі травматикалық тапанша тапты.

Оқиғаға қатысты “Ұрлық”, “заңсыз суық қару ұстау” бабы бойынша тергеу жүруде. Көлік заңды иесіне қайтарылды. Полицейлер өзге күдіктілерді іздеуде.

Қазіргі уақытта жиналған материалдар сотқа жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау