Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүт безінің қатерлі ісігін жоюға көмектесетін өнімдер

Америкалық ғалымдар сүт безінің қатерлі ісігіне тамақтанудың қалай әсер ететінін зерттеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Мамандар 182 мың әйелді зерттеп, жаңа піскен көкөністер мен жемісті күн сайын жеу арқылы дертті 11%-ға төмендетуге болатынын айтты.

Мамандар сүт безінің қатерлі ісігіне сары көкөністердің пайдалы екенін айтты. Сүт безінің қатерлі ісігін құрамында холестерині көп тағамдар мен спиртті ішімдіктер асқындырады.

Мариам Фархад маманның жетекшілігіндегі зерттеу тобы 27 мен 59 жас аралығындағы әйелдерді тексерді. 10 911 сүт безінің қатерлі ісігі дертіне шалдығу оқиғасы тіркелді. Көкөніс пен жемісті нормадан екі есе аз жеген әйелдердің дерті норманы сақтағандарға қарағанда аз пайызға төмендеген.

Ең пайдалы өнімдер қатарына брюссель капустасы, сәбіз, асқабақ пен болгар бұрышы жатады.

Көзге ең пайдалы жеміс жайлы оқи отырыңыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау