Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сылақшы өз кезегін берген әйелдің арқасында миллиондаған доллар ұтып алды

Ұлыбританиялық сылақшы Аррон Уолшоу өзін кезектен өткізіп жіберген әйелдің арқасында лотереядан миллиондаған доллар ұтып алды.

Сылақшы өз кезегін берген әйелдің арқасында миллиондаған доллар ұтып алды

Бұл туралы BBC News порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Англияның солтүстігіндегі Батыс Йоркшир патшалығының Оссетт қаласында тұратын ер адам ұтыстың аяқталуына бірнеше минут қалғанда дүкенге жүрігіп барды. 32 жастағы азамат кассаға келгенде, кезекте басқа сатып алушы тұрған. Ол Уолшоудың асығып тұрғанын байқап, оған лотерея билетін сатып алуға жол беріп, кезектен өткізіп жіберді.

Ел адам сол күні кешке 23 жастағы Кери Холл есімді қалыңдығымен бірге жинаған ақшасын санап шықты. Сүйіктісімен балайына баруды жоспарлаған азамат саяхаттауға шамалы ғана ақша жетіспейтінін білді. Алайда, бір күн бұрын лоторея ұтысына қатысқан ғашықтар келесі күні таңертең жүлделі болғандарын білді. Олар лотореядан шамамен 448 миллион теңге ұтып алған.

Қуанышында жек жоқ жігіт өзін кезектен өткізіп жіберген әйелдің әдептілігі болмаса билетті сатып алуға үлгермес едім дейді.

Ол ұтып алған қаражатты «арманындағы үйлену тойын» өткізуге жұмсамақшы. Сондай-ақ, ер адам дүкендегі әйелді тауып, оған алғысын білдіргісі келетінін де жеткізді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау