Сусын ұрлап ұсталып, сатушыға бата берген балақай жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Жұма, 26 Тамыз , 2016 14:30

Ғаламтор желісінде дүкеннен  сусынын ұрлап, ұсталып қалған балақайдың видеосы пайда болған.

фанта-бала

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оқиғаның еліміздің қай өңірінде орын алғаны белгісіз. Видеода шамамен 7-8 жастағы балақай сусын ұрлағаны үшін қатты өкінетінін айтып, жылап тұр.

«Кешіріңізші, ондай қателік істемеймін, енді жақсы бала боламын, ештеңе ұрламаймын», – деп көз жасын көлдеткен балақай бір кезде сап тыйылып, дүкен иесіне амандық, саулық тіледі. Сондай-ақ, өзге балалар дүкеннен зат ұрласа, өз қолымен әкеліп беретінін, дүкенге клиент шақыратынын айтып, уәде берді. Артынша қазақшалап бата берді.

Желі қолданушылары мұны балалыққа теңеп, қайта балақайды жылатып, видеоны ғаламторға салған авторды сөккен.

«Қазақты қазақ масқара қылған не сұмдық. Ертең мына басқа ұлт өкілдері күледі ғой. Кішкентай кезде əр баланың 99%  ұры болған шығар қателеспесем. Дұшпандарымыз осы видеоны көріп күлген де шығар. Бірақ мына баланың батасын тындадым. Не деген əдемі сөздер десенізші!» – деп жазған желі қолданушысы Дидар.

Сол сияқты: “Сол бір фантаға бола баланы сонша қинағаның не?”, “200 теңгеге бола баланы жылатып не болды?”, “видеоны өшіріп таста, баланың болашағына кесіріңді тигізбе”, – деп пікір білдірген өзге желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз: 

Ұрлық істеген ұлын ата-анасы шатырға қондырып, 5 кітап оқуды міндеттеді

Актер Фархат Әбдірайымов баласының ұрлыққа қатысты жазбасын жоққа шығарды (видео)

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

22
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар