Актер Фархат Әбдірайымов баласының ұрлыққа қатысты жазбасын жоққа шығарды (видео)
Қазақстандық танымал актер Фархат Әбдірайымов баласы Асанның өзін Мәскеу қонақүйінде тонады деген жазбасын жоққа шығарды.

Фото: tengrinews.kz
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды
Осы уақытқа дейін актердің ұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің әмияны мен бағалы сағатын ұрлап кеткенін хабарлаған болатын.
Қазақстанның Ресейдегі өкілдері бұл мәселені шешпек болады. Олар актерге хабарласып, нәтижесінде Facebook желісіндегі ресми парақшаларында актердің төмендегі видеосын жариялайды. Аталған видеода Фархат Әбдірайымов ұрлыққа қатысты түсініктеме берген.
“Фархат Әбдірайымовтың баласы Асанның Ресейдегі Қазақстан елшілігінің заттары тоналғаны туралы жариялаған ақпараты негізсіз болып шықты. Елшілік қызметкерлері актермен кездесті. Ол бір түсініспеушілік орын алғанын, баласының көп ұзамай жазбасын өшіретінін айтты”, – делінген баспасөз хабарында.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды