Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Супермаркеттен сатып алынған салаттың арасынан құрбақа шықты

Ресейдің Хабаровск қаласының тұрғыны қалалық дүкендердің бірінен сатып алған кимчи салатынан бақа шықты. Супермаркет басшылығы оны сараптамаға жіберіп, анық-қанығын ашуға  уәде берді, деп хабарлады AmurMedia.

20160822204113

“Кимчи сараптамаға жіберілді. Бұдан басқа, тауарды жеткізуші де тексеріледі.  Мән-жайды анықтағанша, өнімді сату тоқтатылды»,   – деп түсіндірді басылымға   “Самбери”  дүкенінің маркетинг департаментінің директоры Анастасия Артюшкина.

Салаттан бақа табылғаны жайлы оқиға «ВКонтакте» желісінде жариялағаннан кейін белгілі болды.  «Парижский депода «Самбери» дүкенінен кимчи сатып алып жедік, ішінен бақа шықты. Бұдан кейін қалай өмір сүруге болады, сатылымға шығарған өнімнің сапасын ешкім тексермегені ме?»- делінген хабарламада. Сондай-ақ онда бақаның жағымсыз фотосы да салынған.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда шұжық ішінен құрт шықты

Өскеменде дөнерінің ішінен тауық қауырсыны мен тұяғы шықты

Қытайлықтың ішінен 6 метрлік құрт шықты

Талқылау