Сұмдық: Атырауда 8 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге қатысты сот басталды
Атырауда 8 жасар Айкөркем Алдамжарды зорлап, артынан айуандықпен өлтірген педофил сот алдында жауап бере бастады. Арман Рсалиевке адам өлтіру және зорлау баптары бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Тергеу мәліметінше, 28 жастағы жігіт мас күйінде көрші үйдің қызын өзен жағасына алдап апарып, зорлаған. Артынан қылмысын жасырмақ болып, жеткіншекті өзенге лақтырып жіберіпті. Сөйтіп, Айкөркем суға тұншығып өлген. Еске сала кетейік, Айкөркем Алдамжар биыл маусымның 14-і күні ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қыздың денесі арада 5 күн өткенде Жайық өзенінен, өзі жоғалған маңнан 1 шақырым қашықтықтан табылған болатын. Оны іздеуге тіпті қазір айыпталушы орындығында отырған Арман Рсалиев те қатысты. Бірақ артынан кінәсін мойындаған.
Жіберіп алмаңыз:
Әскерге барудан қашқан дені сау азаматтар айыппұл төлеуі мүмкін
Нью-Йорктің үздік полицейі Астанаға келді
Алматыда ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі