Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы Назерке Әріп өлі табылды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz.

67049ee4-0fff-4c66-aab3-70cec0126fd6

Бұл туралы мәліметті қыздың отбасы мен таныс адамдар айтты. Айтуларынша, қазіргі уақытта жерлеу рәсімі өтіп жатыр.  “Иә, тапты… мәйітін. Қазір жерлеп жатыр”, – деді іздестіру бойынша хабарландыру берген әйелдердің бірі.  Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатыр

Қыз медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады.  Назерке Әріп – биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты. Мұның алдында 18 жастағы түлек Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдардан оны үйіне жіберуін сұраған еді.

Еске алсақ, Назерке 10 шілдеде Алматы облысында жоғалып кетті. Қыз Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып кетіп қайта оралмаған.

Тағы да оқыңыз:

Айгүл Орынбек: Айсұлтан Назарбаев інім, сен тойып секірсең, мына жақта аштықтан секіріп жатқан халық бар

Ата-аналар бес күнге арналған күнделікті таба алмай жатқандарын айтып күйінді

Оралда өртенген үйден өлі табылған үш адамды жас жігіт өлтірген болып шықты

Талқылау