АҚШ-та сұлулық байқауының қатысушысы буркини мен хиджаб киіп шықты

Дүйсенбі, 28 Қараша , 2016 14:59

Американың Миннесота штатында бұрын-соңды болмаған ерекше сұлулық байқауы болып өтті. Су киімдері сайысы барысында 19 жастағы Халима Эйден сахнаға буркини киіп шықты. Ол сұлулық байқауында алғаш рет жабық су киімін киіп шыққан қатысушы атанды.

13628023_138297689930262_2126607756_n

Бойжеткен Кениядағы сомали босқындарының отбасында дүниеге келген. Алайда ол АҚШ-қа бала кезінде-ақ қоныс аударған. Ғұмырының көп бөлігін АҚШ-та өткізгенімен, Халима мұсылман әйелдеріне тән ғұрыптарды әлі күнге дейін берік ұстанады. Тіпті, «Миннесота аруы» байқауында ол мұсылман қыздарының киімін киіп шықты.

Әдетте, бикини сайысында әділ-қазылар алқасы қатысушылардың дене бітімін бағалайды. Соған қарамастан Халима сахнаға жабық су киімін, яғни буркини киіп шықты.

«Көптеген адамдар сізді бақылап отырады. Сіз жауып қойғандықтан олар сіздің сұлулығыңызды көре алмайды деді маған. Олардың мұндайға көзі үйренбеген. Меніңше, айналадағыларға менің киімімді емес, жаныды жете түсінуге мүмкіндік беру қажет», – деп пікір білдірді мұсылман қызы.

Десе де, Халиманың буркини киіп шыққаны көпшілікке ұнамады, деп жазды Kare11. Кейбір желі қолданушыларының пікірінше, денесін жасыруға тырысқан Халимаға аталған сұлулық байқауына мүлдем қатысудың қажеті жоқ еді.

Жіберіп алмаңыз:

Моңғол бишісінің өнері ғаламторды “жарды” (видео)

“Мисс Қазақстан” байқауының қатысушылары: еліміздің ең сұлуы аруы атағына кім лайық (фото)

Әнші Айша: Атақ пен даңқ әйелді бақытты етпейді

Әли Оқапов үйленетінін естірткен кезде анасының не дегенін айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
10 күні 20 сағат кері

Құрсын

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар