Әнші Айша: Атақ пен даңқ әйелді бақытты етпейді

Жұма, 25 Қараша , 2016 15:56

Бүркіттің жұбайы Айша өзін мінсіз әйел санамайтынын, келін ретінде үйдегі бар шаруаны дөңгелетіп алып кете алмайтынын мойындады. Десе де әнші өзін үнемі жетілдіріп, білмегенін үйренуден жалықпайтынын айтып берді.

Screenshot_19

Бұл туралы «Жұлдыздар отбасы» журналы жазды.

Бүркіттің ата-анасы Тараз қаласында тұрады. Айша Жамбыл өңіріне көшіп баруға дайын еместігін мәлім етті. Десе де керісінше ата-енесі оңтүстік астанаға көшіп келуге бел буса, қуана қарсы алатынын жасырмады.

Екінші ұлын дүниеге әкелген соң Айша үй қызметшісін жалдаған. Дегенмен кешкі ас әзірлеу, балаларының тәрбиесімен айналысу Айшаның ғана мойнында.

«Шаруалараммен бір жаққа кететін болсам ғана балаларымды көмекшіме қалдырамын. Басқа кезде өзім қараймын, асты да өзім әзірлеймін», – деді Айша.

Бүркіттің жары атақ пен мансаптың әйелге бақыт алып келмейтінін ашық айтты.

«Әйел адам бақытын отбасынан ғана табуы керек деп ойлаймын. Қыз баласы қанша жерден даңқты, бай болғанымен, оның жылулық табар ошақ қасы болмаса, мұны толыққанды әйел бақыты деп айтуға болмайды. Әйел өзінің шынайы бақытын отбасында ғана сезіне алады. Сондай-ақ әрбір қыздың сүйікті ісі, ләззат алар кәсібінің болғаны дұрыс. Құдайға деген сенімді де жоғалтпауы тиіс. Сенім бар жерде өмір де гүлдене түседі», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің алғашқы отбасы жайында айтып берді

Айдана Меденова жол апатына түсіп қалды

Мақпал Исабекованың анасы: Қаным ұйғыр болса да, санам қазақ

Нұрлан Еспанов 50 мың теңге үшін алып жыланды мойнына іліп алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар