Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұлулық байқауының арулары шенеуніктер мен кәсіпкерлерге секс қызмет көрсеткендері үшін ұрысып қалды

Венесуэлада «Венесуэла аруы» сұлулық байқауының ұйымдастырушылары қатысушылардың ұнамсыз тәртібі жөнінде айтылған айыптауларға қатысты тексерісті бастады.

Сурет: Marco Bello / Reuters

Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Венесуэла ару» байқауының бұрынғы қатысушылары ел алдында ұрысып қалғаннан кейін, ұйымдастырушылар күдіктеніп қалды. Себебі аталған байқау өткен кезде қатысушылар әлеуметтік желідегі парақшаларында бір-бірін қаралап, шенеуніктер мен кәсіпкерлерге жыныстық қызмет көрсетіп жүр деп айыптады.

Өз кезегінде ұйымдастырушылар жанжалдың кесірінен Каракастағы жаттығу орталығын жауып, «Венесуэла аруы» байқауына жарияланған кастингті тоқтатуға мәжбүр болды.

Ал аталған жанжалдың «Венесуэла аруы» сұлулық байқауының өтетін мерзіміне әсер етер-етпесі белгісіз. Әдетте байқау жылдың соңында өткізіледі.

Оқи отырыңыз:

Аустралияда жаппай жағаға шығып қалған дельфиндер жұртты шошытты (фото)

Үндістанда 6 адам жабылып зорлаған 11 жасар қыздың сәбиі ауру болып туылды

Қазақстан елшісі Өзбекстаннан Қазақстанға велосипедпен жетті (фото)

Еңбекқор жұмысшылардың жағдайына алаңдаған Сеул билігі жұма күндері қызметкерлерді кеңседен “қуып шықпақ”

Талқылау