Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аустралияда жаппай жағаға шығып қалған дельфиндер жұртты шошытты (фото)

Батыс Аустралияда Хэмелин шығанағының жағалауында 150 дельфин жағаға шығып қалған. Өкінішке орай, олардың жартысы өліп қалыпты. Бұл жағдайды көрген жергілікті тұрғындар бірден жағалауға жетіпті.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тұрғындар жағаға шығып қалған дельфиндерді 23 наурызда Огаста қаласынан бірнеше шақырым жерден көріп қалған.

Куәгерлердің бірінің жергілікті БАҚ-қа хабарлауынша, ол жағажайға жеткен кезде, дельфиндердің барлығы өлі деп ойлапты. Ал біраз уақыттан кейін кейбір дельфиндердің суға жету үшін қозғалып жатқанын байқаған. Алайда жағалаудағы үлкен тастар мен өлі жануралардың денесі үшін суға жете алмаған.

«Бұл сұмдық болды. Бастапқыда олардың барлығы өліп қалған деп ойладым. Оларға жақын келгеннен кейін кейбір дельфиннің тірі екенін байқадым. Алайда олар тастардың арасына қысылып қалған. Кейбірін өлі дельфиндердің денесі басып қалыпты. Мен өзімді қауқарсыз сезіндім. Оларға көмектескім келді. Олардың қиналғанына қарап тұру мүмкін емес», – дейді куәгер.

Жергілікті билік тұрғындарға суға түсуге болмайтынын ескертті. Себебі мұншалықты көп дельфиннің өлімі акулалардың жиналуына алып келуі мүмкін. Батыс Аустралияның табиғатты қорғау қызметінің өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта олардың басты міндеті – тірі дельфиндерге көмектесіп, операцияға қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Оқи отырыңыз:

Еңбекқор жұмысшылардың жағдайына алаңдаған Сеул билігі жұма күндері қызметкерлерді кеңседен “қуып шықпақ”

Өзін шешіндіріп тексерді деп шағымданған мұсылман әйел 27 млн теңге өтемақы алды

Түрмеде жазықсыз 31 жыл отырып шыққан ер адам миллионер болып кетті

Қазақстандық қорғаушы АҚШ-тың бірінші ханымының қолынан марапат алды (видео)

Талқылау