Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қорғаушы АҚШ-тың бірінші ханымының қолынан марапат алды (видео)

Қазақстандық қорғаушы Айман Омарова АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамптың қолынан батылдығы үшін марапат алды.

Бұл туралы American News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кеше, 23 наурызда, Вашингтонда International Women of Courage Award-2018 сыйлығы әлем бойынша батылдық танытқан 10 әйелге табысталды.

Аталған шарада қазақстандық қорғаушы Айман Омарова АҚШ-тың бірінші ханымы Меланья Трамптың қолынан International Women of Courage Award-2018 сыйлығын алды.

Айман Омаровадан бөлек, аталған сыйлыққа Ауғанстан, Гватемала, Гондурас, Ирак, Косово, Мавритания, Таиланд және Италия мемлекеттерінің қорғаушылары ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қазақстандық қорғаушы АҚШ-та батылдығы үшін марапатқа лайық деп танылғаны жөнінде хабарланған еді.

Оқи отырыңыз:

Ер адам зейнетке ерте шығу үшін есімі мен жынысын өзгертіп тастаған

Ресейде бойжеткен ұрлығын жасыру үшін беті мен қолын қайшымен тіліп тастаған

Ұлды болуды армандаған ер адам 3 айлық қызын аяусыз ұрып тастады

Францияда бұрынғы хирургтің пациенттерін нәжіспен емдеп келгені анықталды

Талқылау