Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Сұлуфанды ұнатамын”: 4 баласы бар танымал әнші тоқал алғысы келетінін айтты

«Арай» тобының экс-мүшесі Рысбек пен «Қалаулым» жобасының қатысушысы Сұлуфанның арасындағы қарым-қатынас ғаламторда қызу талқыға түсуде. Әлеуметтік желідегілердің басым бөлігі оларды жұптастырып үлгерген. Десек те, жеке өмірі жайлы ешкімге тіс жармаған Рысбек Аташ Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында құпияның құлпын ашты.

"Сұлуфанды ұнатамын": 4 баласы бар танымал әнші тоқал алғысы келетінін айтты

«Сұлуфанды сүйемін немесе сүймеймін деп айта алмаймын. Сұлуфан клипке арнайы шақырылған болатын. Сол кезде таныстық. Халықтың арасында неше түрлі әңгіме жүріп жатыр. Сұлуфанды ұнатқан соң клипке таңдадым. Сұлуфан туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Екеуміздің алға қойған мақсаттарымыз бар, жоспарларымыз бар», – дейді Рысбек Аташ.

Рысбектің бұл қадамын оқырмандары өзіне жарнама жасаудың тәсілі деп топшылаған. Ал, Аташ ән салған «Арай» тобы көрермен көзінен ғайып болғанымен, әнші жігіт «Қалаулым» қатысушысы арқылы хайп қууы мүмкін бе?

«Маған «Қалаулымдықтардың» арқасында көтеріліп жатсың деген пікірлер көп айтылады. «Қалаулым» бағдарламасының қатысушыларын талқыға салғанына қарағанда, олар жақсы сұраныстағы адамдар болып тұрғаны ғой. Сұлуфан әнші Әміренің сүйіктісі әрі жұбы болғанын естідім. Ол «Қалаулым» шоуында ғана. Екеуі де өздерінің жеке басы үшін сондай қадамға барған. Мен «Қалаулым» жобасына көрмегенмін негізі. Мені Сұлуфанмен қосып жатыр, ажыратып жатыр. Әр түрлі ауыр пікірлер де кетіп жатыр. Енді барлығына ақталып отырғым келген жоқ. Жай сырттан бақылап отырған жайым бар. Қазақта аяқтан тарту деген бар ғой. Мысалы, «Ninety one» тобы қаншама талқыға салынды. Қайрат Нұртас бауырымызды да «дауысы жоқ» деп сынады. Сондықтан бәрі өткінші деп ойлаймын», – дейді Аташ.

Рысбектің некелі жұбайы және төрт перзенті бар болып шықты. Ол үш қыз бен бір ұлдың әкесі екен. Бірақ жеке өмірі жайлы көп жерде ашыла бермейтінін айтады.

«Жеке өмірді көп негізі айта бермеймін. Уақыты келетін шығар айтатын. Белгілі бір жасқа келгенде осындай-осындай жанұям бар, жиғаным бар деп айтатын шығармын. Себебі, қазір барлығын айтпайтыным кесірі тиіп кете ме деп қорқамын. Тіл-көзден қорқамын. Ал, Сұлуфанмен арадағы қарым-қатынас жайлы жұбайым барлығын түсінеді. Өмір ғой, тағдыр ғой. Ол кісі көнеді. Жанұя болғаннан кейін алғашқыда әр түрлі түсініспеушіліктер болды. Құдайға шүкір қазір бәрі жақсы», – дейді әнші әке.

Сондай-ақ, сері жігіт тоқал алуға да қарсы емес. Алдағы уақытта Сұлуфан Рысбектің екінші әйелі атанса, таң қалмаңыз!

«Мен ойлаймын қазақта бірінші әйелмен ажыраспайды. Бірақ тоқал деген ұғым бар. Сол мәселемен де барлығын шешуге, түсіндіруге болады. Ер адам өзі мықты болса, әйел де адам ғой түсіндіруге болады. Бірінші әйелді обал қылып, балаларының көз жасынан қалу дұрыс нәрсе емес. Тоқал тақырыбына көзқарасым түзу. Себебі, пайғамбарымызда да тоқал болған», – дейді Рысбек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Рысбек Аташ (@_risbek_)

Айта кетейік, Рысбек пен Сұлуфан арасындағы қарым-қатынасқа әзірге нүкте қойылмайды. Таяуда ғана «Қалаулымның» экс-қатысушысын клипіне түсірген әнші жігіт, алдағы уақытта таспаланатын тағы бір тың туындысындағы басты рөлге бекітіпті.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау