Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студент жігіт өзін дебатта жеңіп кеткен курстас қызын аяусыз тепкілеп тастады (видео)

Қытайда Шанхай университетінің студенті курстас қызын дебатта жеңіліп қалған соң сабап тастады. Оның қызды ұрып жатқан сәті камераға түсіп қалған.

03a34fbeeec495b11bce0f06d103400e__1440x

Студент қыз дебат кезінде баладан басым түседі. Жігіт одан ұрып есесін елмақ болады. Ол қыздың басынан, ішінен ұрған. Қыз жерге құлап қалып, қайта тұрмақ болады. Бірақ оны жігіт қайта бір ұрып сұлатады.

Оқу бөлімінің жетекшісі қыздан бұл жайлы айтпауын сұрайды. Алайда оқиға бейнеге түсіп қалғандықтан, БАҚ-қа жарияланып кеткен. Университет басшылығы мұның растығын айтты. Қызды емханаға жеткізгендерін, жігітке сөгіс беріп, қыздан кешірім сұрауын талап еткендерін айтты.

Желі қолданушылары мұның оңай жаза екенін, қатаң жазалануы тиіс екенін айтуда. Оның қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етіп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Ит сал болып қалған иесін құтқарып қалды

АҚШ-та 7 жасар қызды бауыздап өлтірген 15 жастағы қыз бала тұтқындалды (фото)

Бойжеткен көшеден өзінен айнымайтын қызды кездестіріп таңғалды (фото)

Талқылау