Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Stan.kz «Үркер» тобының мерейтойлық концертіне билет ойнатады

Қазақстанның этно-поп стиліндегі музыкалық «Үркер» тобы биыл 25 жылдық мерейтойларын атап өтеді. Осы орайда шығармашылық топ Алматы қаласында 1 қараша күні концерт береді. Аталған шараға Stan.kz ақпараттық агенттігі «Үркер» тобымен бірлесе оқырмандарына арнап байқау жариялайды.

View this post on Instagram

Stan.kz ақпараттық агенттігі «Үркер» тобымен бірлесіп байқау жариялайды. Байқау қорытындысы бойынша, 3 жүлдегердің әрқайсысына "Үркер" тобының 1 қараша күні Алматы қаласында өтетін концертіне 2 билет беріледі. Байқаудың шарттары: ✅@_stan.kz, @urkerkz, @juldyzdar_qazaq парақшаларына жазылу ✅Осы жазбаға лүпіл басу ✅Жазба астына 3 досыңды белгілеу ❗❗❗ Жеңімпаздарды 30 казан кунi кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықтаймыз. #stankz #urkerkz #казакжулдыздары #25жылдыкмерейтой #концерт #байкау #конкурс

A post shared by Stan.kz қызықтың көкесі осында (@_stan.kz) on

Байқауға қатысу туралы шарттарды Инстаграм парақшамыздан біле аласыздар.

Атап өтсек, концерт жанды дауыста болады, сонымен қатар кештің қонақтары болып топтың бұрынғы солисі Нұрлан Албан, Парвиз Назаров, «Тұран» тобы және басқа да қазақстандық жұлдыздар келеді.

Мерейтойлық кеште Қ. Мырзалиев, И. Сапарбаев сияқты танымал ақын-жазушылармен бірлесе жазылған, халықтың сүйікті әндеріне айналған «Наурыз» «Жаным», «Махаббат әні» секілді әуендері шырқалады.

Концерт Алматы қаласында 1 қараша күні кешкі сағат 19:00 де Республика сарайында өтеді. Билеттерді kassir.kz, zakazbiletov.kz, @afishakz, bilet.meloman.kz сайттарынан және Республика сарайының кассасынан сатып алуларыңызға болады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау