Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спорттан шеттетілген ауыр атлет Жасұлан Қыдырбаев лауазымды қызметке тағайындалды

Допинг дауына ілігіп, спорттан шеттетілген қазақстандық ауыр атлет, әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев Алматыдағы мамандандырылған спорт мектебі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

img-(1)

“Мәселен, біреулер бапкерлікке қадам басқысы келеді, ал біреулер көбінесе отбасына көңіл бөледі. Жасұланды біз Алматыдағы спорт мектебінің басшылығына тағайындадық. Ол бұл туралы өзі армандаған, балалармен жұмыс істегенді жаны сүйеді екен. Жұмысқа араласуға қатысты Подобедованың да өз жоспарлары бар. Ол қазір бапкерлік мансабының басталуына қатысты ойланып жатыр. Біздің басты міндетіміз спортшыларды мемлекеттің назарынан тыс қалдырмау”, – деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

“Қазір біз Жасұланды жұмысқа қойдық. Енді допинг дауына іліккен әр спортшымен жеке-жеке жұмыс істейміз. Бірақ, олардың әрқайсында өз жоспары, өз жұмыстары бар. Бізге алғыстарын білдіруде”, – деді министр.

Кеше ғана министрдің бұйрығымен ауыр атлет Илья Ильин ҚР мәдениет және спорт министрлігі штаттық және ұлттық командалар дирекциясы басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді. Министр, Ильяның өз қызметіне кірісіп кеткенін де айтты.

Еске сала кетсек, 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатынан соң халықаралық федерация Жасұлан Қыдырбаевты допинг қолданды деген айыппен сегіз жылға спорттан шеттеткен еді.

Оқи отырыңыз:

Головкинді Джейкобске құрмет көрсетпеді деп кінәлады

Қанат Ислам жекпе-жектен соң екі қолының қандай күйге түскенін көрсетті (фото)

БАҚ: Ауыр атлеттеріміз халықтан кешірім сұрап, сыйға алған қаржыны қайтаруы тиіс

Назым Қызайбай Бауыржан Оспанов салып берген үйін көрсетті (фото)

Талқылау