Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Спорт пен ақындықты қатар алып жүрген қазақ прокурор желіде көзге түсті

Желіде спорт пен ақындықты қатар алып жүрген прокурор көзге түсті. Қарағанды облысы Оскарова ауданының прокуроры Берік Ахметжанов үнемі жаттығу залында дайындалады.

2242063

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Желідегілердің кейбірі прокурордың әрекетін даттаса, енді бірі қолдайтындарын айтты. Прокурордың өзі роликті достарының арнайы чаты үшін түсіргенін айтады. Прокурор өз өңірінде ақындығымен де көзге түскен жан.

Ол қазір екінші жинағын шығаруға дайындалып жатыр. Алайда оның өлеңдері де бәріне бірдей ұнай қойған жоқ.

Тұрғындар арасында прокурордың өлеңдерін шимақ-шатпақ деп атағандар да болды.

Прокурордың өзі ақындығы мен спорттың қызметіне еш кедергісі жоқ екенін айтып өтті.

«Менің қызметтік формамен түскен суретімді қойып қоймағанда бұған ешкім назар ауармас еді», – дейді Берік Ахметжанов.

Берік Ахметжанов пауэрлифтингпен айналысады. Ол Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандында қашып бара жатқан ұры асфальтқа басын соғып есінен танып қалды

Ақжүрек Таңатаров Азия чемпионатында алтын алды

Зейнетақы жинақтарына қатысты қазақстандықтарды толғандыратын өзекті сұрақтардың жауабы

Талқылау