Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әннің сөзін Қайрат Нұртас жазған: Айқын Жұлдызды тағы бір клипке түсірді (видео)

Айқын Төлепбергеннің бейнебаяндарында әншінің ғашығын өзінің жары сомдайтын болған. Әнші осымен екінші рет әйелі Жұлдызды клипіне түсірді. Бір қызығы, жаңа туындының сазын Айқын Рустам Шах есімді азаматпен бірігіп жазса, мәтін авторларының қатарында белгілі хитмен Қайрат Нұртас та бар, деп хабарлайды Stan.kz.

Сөзін Қайрат Нұртас жазған: Айқын Жұлдызды тағы бір клипке түсірді (видео)

Жұртты елең еткізген туынды “Жүрегім ақ” деп аталады. Алдыңғы “Ты моя” туындысында Жұлдыз рэп партиясын орындайтын болса, бұл жолы тек басты рөлді сомдаушы актриса. Ал Төлепберген репертуарына қосылған бұл тректі Жеті, De lacure есімді жігіттермен бірігіп шырқаған.

Көрерменнің назарын аударған тағы бір жайт, әннің сазын Айқын Рустам Шах есімді композитормен бірігіп жазған. Ал туынды мәтіні ақын Назерке Семей мен Қайрат Нұртасқа тиесілі.

Тыңдармандар болса жас әйелін қайта-қайта клипке түсіріп, алғашқы жұбайын ойламаған Айқынға ренжулі.

“Айқынның шығармашылығы ұнайды, бірақ Әсел есіме түссе бәрін ұмытып кетемін. Отбасына жасаған сатқындығы ұмытылмайды”, – дейді желі қолданушыларының бірі.

“Әселдің жүрегін ауыртып болдың ғой. Басқа қызды да түсіре алатын едің ғой клипке”, – дейді тағы бір тыңдарман.

“Әсел де өзін бағалайтын ер азаматқа тұрмысқа шығып алса екен. Сонда көрер едім, “ах пах” деп сайрағанын. А так боянса қазақтың әрбір қызы әдемі”, – дейді тағы бір желі қолданушысы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау