Соңғы ақпарат. Ақтөбедегі терактан жарақат алған он жеті адам ауруханада жатыр

Бейсенбі, 9 Маусым , 2016 22:37

Соңғы ақпарат бойынша Ақтөбедегі терактан жарақат алған он жеті адам қазір ауруханада жатыр. Олардың екеуінің жағдайлары ауыр. Емделіп жатқандардың үшеу әскери, алтауы полиция қызметкері, екеуі қала тұрғыны. Басқалары теракт жасаушылар тобынан. Төрт науқас бүгінде жаңсақтау бөлімінде. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысынан әскерге шақырылған жиырма екі жастағы Сырым Сүндет.

аурухана
Бұл туралы 31 арна жазды.

Жиырма екі жастағы Сырым Сүндет Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Технолог мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң, әскер қатарына алты ай бұрын өзі сұранып келіпті. Отбасының тұңғышы Сырым биылғы жылдың желтоқсан айында еліне қайтуы тиіс. Сырым әскери бөліміге бүлікшілдер баса көктеп кіргенде, қарауылда тұрған екен.

«Ия менің ұлым Сырым Сүндет қасында тағы бір солдат болған. Террористер бірінші басып кірген бойда тек екеуінде қару болған. Соларға оқ атып, бетін бірінші болып қайтарған. Осылар оқ атқан соң барлығы осыларға бас қойған. Бұларды өлтірмек болған. Бір сарбаз қасындағы марқұм болды»,-дейді Сырым Сүндеттің әкесі Адырбай Әбдіжаппаров.

Қасында қарауылда болған екіншісі адам ол сержант Берік Қалиев ол соңына дейін атысып, алған жарақаттан қаза болған. Ал Сырымға да бірнеше жерден оқ, өкпесіне сегіз жерден пышақ тиген. Сарбаздың әкесі ұлымның денесінде сау тамтық жер жоқ ,- дейді.

«Пышақ мынадан тықса мына бетіне өтіп кеткен. Сол өкпесін жыртып жіберіпті. Дәрігерлер жұлынға да зақым келген деп жатыр. Қазір МРТ аппаратына түсіреді. Сонда белгілі болмақ, тек жұлыны аман болса деп тілеп отырмыз»,-дейді Сырым Сүндеттің әкесі Адырбай Әбдіжаппаров.

Ұлының аман қалғанына шүкіршілік етіп, енді тілеуін тілеген туыстары әскерилер жарғы бойынша жедел қимылдағанын айтуда. Олардың дер кезінде қарсылық көрсетуінен, әскери бөлімдегі қару -жарақ қоймасы мен басқа да әскери техника лаңкестердің қолына түспеген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар