Сондерс Головкинді егеуқұйрыққа теңеді

Жексенбі, 11 Қыркүйек , 2016 17:27

Британдық Келл Брукты жеңген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ендігі кезекте Билли Джо Сондерспен қолғап түйістіргісі келетінін жеткізді. Бұл мәлімдемеге Сондерс өзінің Туиттерінде жауап қайтарды.

новый коллаж

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“GGG, сен дайын болғанда, мен де әзір тұрамын, тек жартылай орта салмақта емес. Естідің бе, boreRat!” – деп жазды Сондерс.
Ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда “bore rat” – “жалықтырғыш егеуқұйрық” деген мағынаны білдіреді және дауыстап айтқанда “Borat” (фильм) болып естіледі.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF санаты бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) кәсіби рингте британдық Келл Брукты (36-0, 25 КО) нокаутқа жіберіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Головкин айқас соңында пікір білдіріп, ендігі кездесетін қарсыластары туралы айтты. “Енді мен барлық боксшылар, мысалы кіші Юбенктен шақырту алыға әзірмін, бірақ алдымен Билли Джо Сондерспен кездескім келеді”, – деді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин Мәсімовті Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды

Головкиннің қарсыласы Брук өзінен 5 килограмға ауыр болып шықты (Видео)

АҚШ тілшісі: Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Көреалмаушылық көз өтпесін біздің жігітке егеуқұйрық тан жеңілсе өз обалы. Сол егеуқұйрық сияқты болып алсын!!!))))))

  • Анонимно says:

    Бари осылай ауыздарына келгенин айтып артынан таяк жеп ота жасатып жатады.Генанын кезекти жемтиги не деид

  • Анонимно says:

    “Жыртық тесікке күледі, тесік несіне күледі” демекші осындай жөнсіз,орынсыз сөйлейтін,өзінің түрі келісіп тұрғандай- жек көрем.
    Генаға жетіп алсаңшы алдымем.

  • Анонимно says:

    Егеуқұйрыққа өзі ұқсайды . Осылар өздеріне қарап алмай біреуді кемсітуге дайын тұрады екен. Қорыққан адам ғана доқ көрсетеді.

  • Анонимно says:

    Егеуқұйрыққа

  • Анонимно says:

    Саган сенемиз корыкпа сен женесин биз сени колдаймыз урааааааа алга

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар