Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі баласы өз-өзіне қол жұмсады

Солтүстік Қазақстан облысында бір отбасының екі баласы өлі күйінде табылды. Полицияның хабарлауынша әпкесі мен ағасы өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: investforesight.com

Солтүстік Қазақстан облысы полициясы аталған фактіге қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау ауылында болған қайғылы оқиға туралы ақпарат пайда болды. Жақында тұрмысқа шыққан 22 жастағы келіншек жеке үйдің қорасында асылып өлгені белгілі болды. Кейін оның ағасы да орманда асылған күйінде табылды.



Дереккөздің хабарлауынша, екеуі де ата-әжесінің қолында өскен екен. 

"28 сәуірде Айыртау облыстық полиция басқармасының кезекші бөліміне аудан тұрғындарының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 8-сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кеткені туралы жазған едік. Баланың анасы ұлының төртінші қабаттан секіріп кетуіне сыныптастары себеп болған дейді. 

Талқылау