Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан тұрғыны балаларға тегін тәтті таратып жатыр

Солтүстік Қазақстан тұрғыны Яна Новоселова өзі мүлде танымайтын балаларға дәмді торт таратып жатыр. Ол тортты өз рецептісімен пісіріп, өз бетінше әрлейді.

1111111

Бұл туралы ktk.kz хабар таратты.

Осылайша екі баланың анасы ауыр науқасқа шалдыққан мүгедек балаларға қамқорлық көрсеткісі келеді. Қазір қайырымды аспазды жақтаушылар да пайда болыпты.  

Алдымен Яна Новоселова дәмділерін әлеуметтік желіде ұсынып көрген, алайда бұған ешкім бірден селт ете қоймапты. Бірден бас салуға жұрт ұялатын болар деген ойға келген әйел Қызылжар аудандық әкімдігіне барған. Сол жерден мүмкіндігі шектеулі балалардың тізімін алып, өз қамқорлығын іске асыруға мүмкіндік алыпты. Қазір Яна тәтті-дәмділерімен тек аудан орталығының ғана емес, көршілес ауылдың балаларымен де бөлісіп жүр.

Яна  Новоселова болса, көздері мөлдіреген жеткіншек балалардың көңілінен шыға білгеніне риза. Алайда, Янаның айтуынша, бұл сыйдан бас тартатын да отбасылар бар көрінеді. Бірақ мейірімді ана бұған ешқашан мойыған емес. Өйткені бас тартпай, ақ пейілмен қарсы алатын адамдар саны көбірек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды Яна мен оның балалары оларды «мүгелек балалар» деп емес, «ерекше балалар» деп атайды.

«Ерекше балаларға» торт дайындауға балалары көмек береді. Янаның бір ұлы мен бір қызы бар. Қазір Янаны қолдаушы адамдар да табылып жатыр. Олардың бірі торт пісіруге ұн әкеліп берсе, енді бірі қант әкеліп, қол көмегін де аямайтын көрінеді. Ал кейбірі тіпті өздері де торт пісіріп тарата бастаған. Жарты жылдың ішінде олар қырықтан астам балаға қайырымдылық көрсеткен.

 

Талқылау