Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөгудің қажеті жоқ": Динара Сұлтан неге ата-енесіне сәлем салмайтынын түсіндірді

Динара Сұлтан неге ата-енесіне сәлем салмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүгінде келін болғанына 10 жыл толса да Динара Сұлтан ата-енесіне сәлем салып көрмеген. 5 баланың анасы атанып үлгерген өнер иесі қайын жұртым талап етпейді дейді. Ұлттық дәстүрді жетік білгенімен әнші сәлем салудан алшақтап кеткен.

"Мен Батыс жақтанмын. Жолдасым Алматы облысынан. Содықтан, екі жақта да келін сәлем беру деген жоқ. Болған емес, талап етпейді", - дейді Динара Сұлтан.

Динара Сұлтанның бұл жазбасын көрген жұрт әншіге пікір қалдырып, ойларын жеткізген.

"Батыс жақта сәлем салу жоқ дегенді алғаш рет естіп тұрмын", "Маған Динара ұнайды. Бірақ, келін болған соң сәлем салу керек", "Әр елдің салты басқа, сөгудің қажеті жоқ", - деп жазды жұрт.

 

Талқылау